- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Ақжар ауданының 3 ауылының тұрғындарымен кездесу
Бүгін Ақжар ауданының Алқатерек, Дәуіт және Ленинград ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Қазiр ауданда жөндеу және құрылыс жұмыстары қызған. 6 ауылдың жолдарына асфальт төселуде. Оның iшiнде Ұялы, Дәуiт, Ленинградское, Талшық, Киевское, Горьковское бар.
Көптен берi халықтың көкейiнде жүрген Дәуiт пен Ленинградское арасындағы 12 км жолды жөндеу жұмыстары бiтуге жақын.
Үлгiлi, Ақсары, Баймырза, Горьковское, Ленинградское және Ұялыда сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргiзiлуде.
- 12.08.2022
- 305