- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СҚО-да биыл 11 мың жұмыс орны құрылды
Бүгін облысымызға жұмыс сапарымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова келді. Іс-сапар аясында халықтың табысын өсіру және жұмыспен қамту әңгіме арқауына айналды.
Біздің облыста биыл 13 мың жұмыс орнын құру жоспарда бар. Бүгінгі күнге дейін 11 мың жұмыс орны құрылды. Оның 72%-і тұрақты жұмыс орындары.
Жастарды еңбекпен қамту «алғашқы жұмыс орны», «жастар тәжірибесі» және «ұрпақтар келісім шарты» жобалары аясында жүзеге асуда. Жыл басынан бері 3,5 мыңнан астам жас азамат жұмысқа орналастырылды. Жыл соңына дейін бұл межені 6 мыңға дейін жеткіземіз.
Кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасының аясында тұрғындарды жұмыспен қамту үшін қаржыландыру 4 есе өсті, 1,4 млрд.теңгеден 6 млрд.теңгеге дейін.
- 15.08.2022
- 335