- Блогтар
- Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.
ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры
Реакторлық зерттеулер ойдағыдай аяқталды
10 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында төмен байытылған уран (ТБУ) отынындағы ИВГ.1М реакторын физикалық іске қосу кезеңін жүзеге асыру жұмыстары шеңберіндегі реакторлық зерттеулер ойдағыдай аяқталды.
Жұмыс барысында жаңа актив аймағы бар реактордың нейтрондық-физикалық сипаттамалары анықталды. Алынған нәтижелер реактордың пайдалану сипаттамаларының жақсарғанын көрсетті. Атап айтқанда, реактордың ядролық отынның бір жүктеліміндегі жұмыс уақыты едәуір ұлғайтылды, сондай-ақ ҚР ҰЯО мамандары көздеп отырғандай, реактордың актив аймағындағы ядролық отын мөлшерін ұлғайту неғұрлым күрделі эксперименттік құрылғылармен реакторішілік эксперименттер жүргізуге мүмкіндік беретіндігі тәжірибе жүзінде расталды, бұл өз кезегінде ИВГ.1М реакторында іске асыруға болатын ғылыми-техникалық міндеттер ауқымын едәуір кеңейтпек.
Физикалық іске қосу кезеңінің сәтті аяқталуы келесі кезең – реакторды энергетикалық іске қосуды бастауға мүмкіндік береді, содан кейін ТБУ отынындағы ИВГ.1М реакторы пайдалануға берілетін болады, бұл бейбіт атом саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі жылы қайта жалғасады дегенді білдіреді.
- 15.08.2022
- 234