• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ботақанов Е.С.
Ботақанов Е.С.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тәжік-ауған шекарасында қаза тапқандарға тағзым етті

Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімдерінде 1995 жылғы 7-сәуірде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан кешегі Ішкі әскерлер, қазіргі Ұлттық ұланның 17 жауынгерін еске алуға арналған «Ерлік пен еске алу күні» акциясы өтті.

Іс-шара Тәжікстан шекарасындағы Пшихавр шатқалында орын алған қанды оқиғаға 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сол жолы қазақстандық батальон құрамында аттанған еліміздің ІІМ Ішкі әскерлерінің жетінші ротасына ауған содырлары тарапынан тосын шабуыл жасалған еді.

Тәжікстандағы заңсыз ауған оппозициясы жетінші ротаны таптап, бір сағат ішінде тәжік жеріне басып кіруді жоспарлаған болатын. Алайда, қазақстандық Ішкі әскер жауынгерлері тойтарыс беріп, бес сағат бойы қайсарлықпен қақтығысып, содырларды кері шегінуге мәжбүр етті. Өкірініштісі сол – қанды шайқаста 17 жауынгер қаза тауып, 33-і жарақат алды.

ТМД елдерінің сыртқы күзетін қамтамасыз етудегі жауынгерлік міндеттерін атқару кезіндегі қайсарлығы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5 әскери қызметші ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және 12 сарбаз «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін наградталды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына сәйкес, 1993-1999 жылдары еліміздің ІІМ Ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінен 2000-нан аса офицер мен сарбаз «Қазбат» құрамында тәжік-ауған шекарасында ТМД сыртқы шекараларын күзету бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындады.

Ержүрек ерлердің есімін ұлықтау мақсатында еліміздің көптеген мектептері мен көшелеріне олардың есімдері берілген. Душанбе, Нұр-Сұлтан, Шымкент және басқа да қалаларда, сонымен қатар әскери бөлімдерде монументтер мен ескерткіштер орнатылған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының қолдауымен осы шынайы оқиғаның желісімен «Қазбат» фильмі мен телехикаясы түсірілді.

Ерлік пен қайсарлық күнінде тәжік-ауған оқиғасына қатысқан әскердің 175 әскери қызметшісі мен ардагері Тәжікстан және Қазақстан Республикаларының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланының ведомстволық наградаларымен марапатталды.

 

  • 20.11.2020
  • 520
Ботақанов Е.С.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

Ботақанов Е.С.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика