• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Заманға лайық заң

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар мәселелері бойынша Заңның нормаларын түсіндіру бойынша арнайы баспасөз брифингі өтті.

Брифингке ҚР Парламенті депутаты Вера Ким, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, «Дара» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Айнұр Аймурзина қатысты.

Мәжіліс депутаты және осы Заңның Мәжілістегі жұмыс тобының жетекшісі Вера Кимнің айтуынша, аталмыш Заңның аясында қайырымдылық, волонтерлік қызметті ынталандыру мен дамытуға, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын мемлекеттік қолдауға бағытталған жаңа нормалар қабылданды.

Азаматтарды қайырымдылық және волонтерлік қызметпен айналысуға тарту үшін мемлекеттік марапаттар, атақтарға ұсыну, мемлекеттік мүлікті волонтерлік және қайырымдылық ұйымдарға сенімгерлік басқаруға беру және т.б. мәселелер қаралған.

Сонымен қатар волонтерлік қызметті дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттық қаржыландыру және үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақылар беру енгізілген.

Заңда үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын грант жағынан қаржыландырудың жүйесін саралау қарастырылған.

Мадияр Қожахметтің айтуынша, жаңа тәсілдер халыққа қажетті салаға грант бөлуге жағдай жасайды.

Заң аясында гранттардың тиімділігін бағалау тетігі бар, ол үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасын, бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және кейіннен грант беру үшін негіздеме болады.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар мәселелері бойынша Заңға 2022 жылғы 4 шілдеде қол қойды және ол осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

  • 16.08.2022
  • 265
Балаева А.Ғ.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика