• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Іс-шараға Ұлттық Олимпиада комитеті, спорт федерацияларының басшылары, және мемлекеттік жаттықтырушылар қатысты.

«Олимпиада нәтижесі – кәсіби дайындығымыздың көрсеткіші болмақ. Оған федерация басшылары, жаттықтырушылар, бапкерлер, тиісті сала мамандары және мен – барлығымыз жеке-жеке жауаптымыз», – деді Дәурен Абаев.

Министр спортшыларды даярлау жүйесінде түйіткілді мәселелер бар екенін айтты және оларды шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, Үкімет тарапынан спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесі әзірленді. Биыл Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланған.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев еліміздегі 25 жеңіл атлетикалық манеждің тек бірнешеуі ғана жалпы талаптарға сай екенін айтты. Ал 367 жүзу бассейнінің тек екеуінде халықаралық талаптарды ескере отырып жарыстарды өткізуге болады. 

Министр Ұлттық құрама командалар мүшелерін даярлауды қамтамасыз ету мәселелеріне де тоқталды. Шілде айынан бастап республикалық спорт колледжі базасында күрес түрлері бойынша жаттығу орталығының жұмысы пилоттық режимде іске қосылса, К.Ахметов атындағы республикалық олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі базасында Дзюдо академиясы ашылды.

Тағы бір жаңалық – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылға дейін спорт төрешілерінің жұмысына ақы төлеу кезең-кезеңімен 100%-ға артады. Спорт саласында төрешілерге ақы жарыстың әр күні үшін төленеді. Биыл ақы көлемі 2600 теңгеден 8000 теңгеге дейін, ал 2023 жылы – 13 мың теңгеге дейін, 2024 жылы – 17 мың теңгеге дейін көбейетін болады.

Бұдан басқа, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері және олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпиондарын дайындаған жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету мөлшері 24 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. Яғни, олар енді ай сайын орташа есеппен 73 мың теңге емес, 318 мың теңге алып отыратын болады.

Сондай-ақ министр Дәурен Абаев кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды.

«Бүгінде елімізде 13 700 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың тек 4% ғана жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жүр. Кейбір федерациялар тіпті жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша жұмыс жүргізбейді.  Сондықтан федерациялар осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет», – деді министр.

Айта кету керек, Олимпиадада спортшыларымыз сәтсіз өнер көрсеткеннен кейін биыл 28 жаттықтырушы қызметінен босатылды.

Министрдің айтуынша қазіргі уақытта жаттықтырушы-оқытушылардың айлығын көтеру және апталық сағаттық жүктемесін 18 сағатқа дейін төмендету бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Отандық спорттың ғылыми-медициналық базасын нығайту тұрғысында Дәурен Абаев республикалық талдау орталығының мәртебесін күшейту, оның ішінде қызметкерлердің еңбекақысын арттыру бойынша жұмыс басталғанын да айты.

«Бұл орталық мүдделі органдармен бірлесіп, спортшылардың физиологиялық жай-күйін, медициналық тұрғыда жан-жақты қамтамасыз етілуін, жарақаттану деңгейін және т.б. ескере отырып, олардың ойын нәтижелерін талдау негізінде жоғары жетістіктер спортын дамытумен айналысатын болады», – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ, спорт дәрігерлерінің еңбекақысын арттыру, арнайы мамандарды шақыру, заманауи жабдықтарды сатып алу, спортшыларды тамақтандыру нормаларын бекіту, фармакологиялық қамтамасыз ету тізбесін жаңарту мәселесі талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Дәурен Абаев федерацияларға олимпиадалық циклге арналған кешенді-мақсатты бағдарламаны және дене шынықтыру-спорт ұйымдарына спорт түрлері бойынша даярлық бағдарламасын әзірлеп, бекітуді тапсырды.

  • 17.08.2022
  • 397
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика