• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Таласта ауылдықтардың игілігі үшін екі жаңа нысан пайдалануға берілді

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапарымен барды.

Аймақ басшысы алдымен Үшарал ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанатына қатысты.

Амбулаторияға қарасты Арал, Қайыр ауылдық медпунктері жұмыс істейді десек, онда 2 дәрігер мен 10 мейірбике еңбек етеді. Жаңа нысанның құрылыс жұмыстарын «НИК-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Стандартқа сай нысан газ, су, жарықпен қамтылған.

Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде Жамбыл облысында медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Облыстың даму жоспары бойынша 2025 жылға дейін өңірде дәл осындай 60 нысан салу көзделген. Кезең-кезеңімен іске асатын ол жобалардың биыл жиырмасы пайдалануға берілмек.

- Облыста 367 ауылдық елдімекен болса, қазір 23 ауылда медициналық нысанның құрылысы жүруде. Сондай-ақ 9 елдімекенде 600 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұдан өзге медициналық мекемелердің материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға 2,5 миллиард теңге бөлінді.  Мемлекет тарапынан бұл бағытта көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес, соған сәйкес медициналық қызметтік сапасы да жоғары болуы тиіс,- деді Нұржан Нұржігітов.

Жаңа нысанның ашылғанына қуанған ауылдықтар енді орталыққа көп сабылмайтындықтарын айтып, ризашылық әсерлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, дәл осы күні Ақкөл ауылында құрылысы аяқталған дене шынықтыру және сауықтыру кешені де пайдалануға берілді. Салтанатты шараға  қатысқан облыс әкімі саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, жаңа нысан спортпен шұғылданушылар үшін әрдайым қолжетімді болатынын атап өтті.

- Облыста биылдың өзінде 11 спорт кешені салынуда. Оның бірқатары пайдалануға берілсе, соның бірі – осы еңселі спорт нысаны. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауының арқасында іске асуда. Біздің мақсатымыз – балалардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыру. Сондай-ақ балаға кемел білім, тәрбие берумен қатар, дені сау ұлт қалыптастыру – басты міндет. Дені сау ұрпақ – болашақ кепілі.

Бүгінде облыста 250 мыңнан астам оқушы бар болса, оның 70 пайыздан астамы спорт нысандарымен, мәдениет ошағымен қамтылған. Осы межені 100 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз,- дейді Нұржан Нұржігітов.

Спорт кешенінің құрылысын 336,2 миллион теңгеге «Әл Мансұр» ЖШС жүргізген.

Заманауи үлгіде салынған спорт кешенінде енді жасөспірімдер шағын футбол, күрес, үстел теннисі, дзюдо және басқа да спорттың сан түрімен шұғылдана алады.

Аудандағы жұмыс сапарының барысында аймақ басшысы Үшарал ауылының шаруасы Бақытжан Байымбетовтің ауыл іргесіндегі егіс алқабымен танысты. Ауыл тұрғыны 10,5 гектар жерге 7,5 гектар картоп, 2 гектар қауын, 1 гектар қарбыз егіп, шаруасын шалқытып отыр.Егістіктің бір жарым гектарына тамшылатып суару технологиясын енгізген Бақытжан қыстық қауын егуге ден қоя бастаған.

Алқап басында аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов ауыл шаруашылығы бағытындағы көрсеткіштер мен жұмыстар туралы есеп берді.

  • 18.08.2022
  • 291
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика