• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Екібастұзда жылу беру маусымына дайындық және ЖЭО жағдайы талқыланды

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Екібастұз ЖЭО-ны аралағаннан кейін «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ басшылығының және «ОАЭК» АҚ Басқарма төрағасының қатысуымен кеңес өткізді. Өңір басшысы тараптардың есептерін тыңдап, жылу беру маусымына дайындық және ЭЖЭО одан әрі дамыту бойынша тапсырмалар берді. Әбілқайыр Сқақов тарифтің көтерілуі, станцияны коммуналдық меншікке беруі жылумен жабдықтау жүйесінде жинақталған проблемаларды шешпейтінін атап өтті.

«Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС Бас директоры Павел Мельничуктың ақпараты бойынша станцияда жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні кестеден артта қалушылық тіркелді - осы күнге жоспарланған 93% жұмыстардың орнына  75% жұмыс көлемі орындалды. Жоспарға сәйкессіздікті ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тексеруі де растады.

Облыс әкімі жоспардан елеулі арта қалуын ескере отырып, жылу маусымы басталғанға дейінгі уақыт аз екенін атап өтті. Әбілқайыр Сқақов жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына жылу берудің нақты мерзімдерін атауды ұсынды. Бұдан кейін, аймақ басшысының айтуынша, Энергетика министрлігі бейінді комитетінің комиссиясы қайта тексеру жүргізеді.

- Бүгін «ЖАЭК» АҚ басшылығы жылу маусымына дайындық уақтылы аяқталатынына және жылу маусымының өзі штаттық режимде өтетініне кепілдік берді. Ешкімге қаланы жылусыз қалдыруға мүмкіндік берілмейтінін тағы да қайталаймын. Әбілқайыр Сқақов қала басшылығына үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу маусымына дайындау жөнінде тапсырма беріп, барлық қажетті ресурстар мен күштер бар деп мәлімдеді.

Облыс әкімі ЭЖЭО-ның даму проблемаларына жеке тоқталды. Оның ақпараты бойынша бес бу қазандығы тиімді және үнемді жұмыс істемейді, мәселені шешу үшін жаңа турбинаны салу қажет.

- «ОАЭК» АҚ-да тиісті ТЭН бар. Бірақ ол әлі күнге дейін тек қағаз жүзінде ғана. Шешімдер мен қаржыландырудың оңтайлы нұсқалары пысықталмаған. Әкімдікпен ештеңе талқыланбады, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. 

Өңір басшысы «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС-не тиесілі жылу желілері күрделі жаңартуды талап ететініне назар аударды. Бірақ компания басшылығы да, акционерлер де жергілікті атқарушы органдарға тиісті жоспарлар ұсынған жоқ.

- Олардың мұндай ұстанымы қалыптасқан жағдайға әкелді: жылу беру маусымына сапалы дайындық та, станцияның одан әрі дамуының нақты көрінісі де жоқ. Бірақ тарифті көтеру қажеттілігі туралы мәлімдемелер бар. Біздің ұстанымымыз: тарифті көтеру панацея емес. Проблема кешенді. Жылумен жабдықтау – күрделі, көп деңгейлі, өзара тәуелді процесс. Егер бір буыны назардан тыс қалса, бұл бүкіл жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігіне әсер етуі мүмкін. Осылайша, тариф, ол қандай болмасын, сондай-ақ ЖЭО-ның тиесілілігі де шешуші фактор емес. Оны коммуналдық меншікке беру проблеманы шешпейді, - деді Әбілқайыр Сқақов.  

Облыс әкімі тиісті комиссия құруға және техникалық аудит жүргізуге бастама жасайтынын хабарлады. Нәтижелер бірлесіп зерттеледі, деді өңір басшысы, сондай-ақ, бірлесе отырып, алдағы іс-қимыл жоспары әзірленетін болады. Оның мақсаты Екібастұзды сапалы және тұрақты жылумен қамтамасыз ету болуы тиіс.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

  • 18.08.2022
  • 321
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика