• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шу ауданында «Егінжай күні – 2022» семинары өтті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Шу ауданында өткен “Егінжай күні - 2022” семинарына қатысты. Тәжірибе алмасу мақсатында «Qyzylsha» ЖШС-нің егістік алқабында ұйымдастырылған шараға барлық ауданның әкімдері мен олардың ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, елімізге белгілі ғалымдар, арнайы мамандар шақырылған.

Қонақтар  алдымен аванкамерамен және  «Келет» компаниясының насос қондырғыларымен, техника, тыңайтқыш, пестицид пен тұқым көрмесімен, «Qyzylsha» ЖШС-нің қант қызылшасы, картоп, дәндік жүгері, мақсары және «Шығын» ШҚ-ның пияз алқабымен танысты. Сондай-ақ,  «Volmant» компаниясының су үнемдеуге негізделген «Valley» қондырғыларын көрді.

Семинар барысында еліміздің әр өңірінен келген он бес компания 30-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасын және жабдық түрлерін көпшілік назарына ұсынды.

Жиынның ашылуында аймақ басшысы облыс экономикасындағы оң динамиканың қалыптасуына ауыл шаруашылығы саласының үлесі үлкен екендігін, биыл ауа-райының қолайлылығына байланысты астықтың бітік шыққаның жеткізді.

- Ағымдағы жылы облыс аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 756 мың гектарды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 мыңға артып отыр.

Өңір дихандары дәнді дақылдарды жинауды аяқтап, әр гектарынан 19 центнерден өнім алынды.

Картоп, бақша,  көкөніс  және майлы дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

Дегенмен, бұл салада қордаланған мәселелер де аз емес.

Жалпы 2022 жылға мемлекеттік қолдау шараларына 31,2 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 12 млрд. теңгеге артты. Бүгінгі күнге 11 млрд. теңге қаржы игеріліп, 6,6 мың шаруашылыққа субсидия төленді. Әр шаруа мемлекеттік қолдауды сезінуі тиіс.

Бүгінгі шарада қант қызылшасын өсірудің озық технологиясымен таныстық.

Облыс бойынша 120 мың тоннадан астам тәтті түбір жиналады деп күтілуде.

Егіннен мол өнім алу үшін басты міндет – тұқым мен техниканы жаңарту, егістік алқабын тыңайту.

Бүгінгі күнге 34,2 мың тонна тыңайтқыш алуға келісім-шарт жасалып, оның 32,1 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді,-дей келе Нұржан Нұржігітов өңірдегі ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, су үнемдеу технологияларын енгізу шараларына да тоқталып өтті.

Қазіргі таңда облыс бойынша 12 316 дана ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген десек, ағымдағы жылы техникалардың жаңаруын облыс бойынша 11 пайызға жеткізу көзделуде. Сол секілді өңірде су үнемдеу технологиялары осы жылы 50 мың гектар алқапқа орналастырылған.

Аймақ басшысы өз сөзінде ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, жайылым жерлерді тиімді пайдалану бойынша қолға алынған жобаларды да баса айтты.

Өз кезегінде бірқатар аграрлық мәселелерге қатысты ғылыми институттардың өкілдері оң нәтижелі тәжірибелік үлгілерімен бөлісті.

«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің» ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Марат Қожахметов, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» білімді тарату және әзірлемелерді өндіріске енгізу орталығының басшысы Сейіткәрім Қалтаев, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» басқарма директоры Теміржан Айтбаев,  «Қазақ  қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институтының» бас ғылыми қызметкері Асан Бекешұлы Оспанов және тағы басқалар өздерінің орамды ойларын ортаға салды. Олар  тұқым шаруашылығын дамыту, қызылша мен жүгері сұрыптарын жіті білу, жаңа технологиялардың мүмкіндігін тиімді пайдалану, қой шаруашылығын дамытудың ұтымды тұстары, су үнемдеу қондырғыларын кеңінен енгізу туралы жан-жақты баяндама жасап, аталған бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге, тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін жеткізді.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларды ғылыми институттардың әлеуетіне барынша жүгініп, әр ауданда тұқым шаруашылығын жетілдіру бойынша жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізуге шақырды.

Шу ауданындағы жұмыс сапары кезінде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бірқатар  нысандарды және құрылыс алаңдарын аралады.

Атап айтқанда аймақ басшысы “Баласағұн” көне қалашығының жай-күйімен, «Тасөткел су қоймасын» сейсмикалық күшейту жұмыстарымен, 75 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің жағдайымен, Әл-Фараби мектебінің құрылысымен, «М-КАТ Грин» ЖШС күн электр станциясының қызметімен және тағы басқа нысандармен танысты.

  • 19.08.2022
  • 334
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика