• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысын кешенді дамыту жөніндегі кеңесте Ертіс өзені арқылы өтетін көпір салу және Екібастұз ЖЭО бойынша Үкіметтік комиссия құру талқыланды

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңес өткізді. Айталық, Ертіс арқылы өтетін автомобиль көпірін салу, республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеу және Екібастұз ЖЭО бойынша Үкіметтік комиссия құру мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Павлодар облысының еліміздің ең маңызды индустриалдық өңірлерінің бірі екендігін, онда тау-кен, металлургия, химия өндірістері мен құрылыс саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Тек осы жылы облыстың дамуына 143 млрд теңге бөлу қарастырылған. Өңір экономикасын әртараптандыру өзекті мәселенің бірі болып отыр. Осы мақсатпен биыл жеке инвестициялар есебінен 66 жобаны аяқтау көзделген, қосымша 48 жоба әзірлену үстінде.

Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен жұмыс кеңесі барысында ҚР Премьер-Министрі индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ұлттық экономика министрліктеріне әкімдікпен бірлесе Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін салуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Аталған көпір қаланың негізгі жолдарына түсетін жүкті азайтып, негізгі транзиттік бағытты облыс орталығының сыртымен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге Үкімет басшысы «Ленинский – Ертіс – Русская поляна» республикалық трассасы және «ГРЭС-1 – Басқамыс – Разумовка» күрделі жөндеуді, сумен және жылумен қамту желілерін күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды.

Әлихан Смайылов Екібастұзда жылумен қамту және алдағы жылыту маусымы мәселелеріне жеке тоқталды. Құзыретті ведомстволарға Павлодар облысы әкімдігімен бірлесе Екібастұз ЖЭО бойынша Үкіметтік комиссия құру, оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша нақты ұсыныстар мен алдағы іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды. Одан бөлек, 2022 жылдың соңына дейін «ҚазАвтоЖол» компаниясымен бірлесе республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік күйін 97%-ға, жергілікті жолдарды 93%-ға жеткізу міндеттелді.

Әлихан Смайыловтың сөзіне қарағанда, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешу орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдігінің бірлескен тиімді жұмысына тікелей байланысты.

  • 22.08.2022
  • 269
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика