• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова Ulu Bozkirin mirasi («Ұлы Дала мұрасы») атты түрік тіліндегі кітаптің тұсаукесеріне арналған онлайн конференцияға қатысты

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ҚР-ның Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі жəне ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырған халықаралық онлайн конференцияға қатысты.

Онлайн конференция Н.Ә.Назарбаевтың Ulu Bozkirin mirasi («Ұлы Дала мұрасы») атты түрік тіліндегі кітабының жарық көруіне арналды. Сонымен қоса бұл іс-шара Тұңғыш Президенті күніне орай өтіп отыр.

Жиынға түркі әлемін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар, қазақ және түрік саяси, іскерлік, ғылыми элита өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Кітапқа көрнекті мемлекет және саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылдары көпшілік алдында сөйлеген сөздері мен баяндамалары енген.

Сонымен қатар жинақ түркі әлемі мен дала өркениетінің тарихы мен дамуының негізгі бағыттарын қамтиды. Кітап дала өркениетінің тарихи және рухани мұраларын жаңғыртудың, түркі мемлекеттерінің интеграциясын дамытудың заманауи үдерістері аясында ерекше өзекті əрі маңызды болып отыр.

Басқосуда сөз алған Ақтоты Райымқұлова бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғам келісімінің алтын бесігіне айналғанын атап өтті.

«Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «қазақстандық жол» немесе «Назарбаев моделі» деп баға береді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Оның бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының, әлемдегі ірі елдер лидерлерінің де назары күшейіп отыр.

Сонымен бірге Елбасының түркі елдерінің бауырластық қарым-қатынасын дамытудағы рөлі ерекше. Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдуллаһ Гүл: «Бүкіл түркі әлемі Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің көшбасшысы ретінде таниды және оның бауырлас түркі халықтарын біріктіру, ортақ тарихты зерттеу, мәдени байланыстарды дамыту бойынша бастамаларын жоғары бағалайды»,-деп көрсеткен еді. Осы орайда Елбасының түркі әлемі және дала өркениетінің тарихы мен дамуының негізгі бағыттары туралы көпшілік алдында сөйлеген сөздері мен баяндамаларын қамтыған «Ұлы Дала мұрасы» атты кітаптың түрік тілінде жарық көріп отырғаны аса қуанышты жағдай. Бұл туынды қазақ елі мен бүкіл түркі халықтары үшін шынымен де асыл мұра болып қалады.

Елбасының түркі елдерінің ынтымақтастығын ілгерілету бағытында жасаған бастамалары жайында шығарылған бұл кітаптың өзектілігі әлемде болып жатқан жаһандану мен аймақтандыру үрдісі аясында ерекше айқындала түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар ежелден қалыптасқан көшпенділер өркениеті мұрасының бүгінгі түркі интеграциясы аясындағы маңызы зор. Сондықтан, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы бағыттағы атқарған еңбегін түркі әлеміне насихаттау біздің бауырластық парызымыз. Біз үшін және болашақ ұрпақ пен бүгінгі оқырман үшін маңыздысы – Елбасының мұрасын түркі елдеріне таныту. Кітаптың түрік тілінде сөйлейтін оқырманға паш етілуі – қазақтың мақтанышы»,-деді министр.

  • 20.11.2020
  • 400
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика