- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Конституция Күні қарсаңында түрлі сала қызметкерлері марапаттарға ие болды
Павлодар облысының әкімі медицина, білім беру және құқық қорғау салаларының бірқатар үздік қызметкерлерін марапаттады. Конституция Күні қарсаңында жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты ант қабылдады.
Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өңір басшысының құттықтауынан басталды. Әбілқайыр Сқақов өткізілген референдумның негізгі басымдықтарына тоқталды.
– Биылғы жыл тарихтағы айтулы оқиғамен – елдің Негізгі Заңына түзетулердің қабылдануымен атап өтілді, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Республикалық референдумның қорытындысы бойынша қазақстандықтардың көпшілігі елді толық трансформациялауға бағытталған конституциялық өзгерістерді мақұлдады. Бүгінде біздің басты мақсатымыз көп ұлтты Қазақстанның бірлігі мен тұтастығын нығайту болып қала береді.
Өңір басшысы Павлодар облысының 26 тұрғынына, оның ішінде қоғам қайраткерлері мен кәсіпорын қызметкерлеріне ҚР Президентінің алғыс хаттарын табыс етті. Кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, медицина, білім беру және құқық қорғау салаларының қызметкерлері мен ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Конституция Күні қарсаңында халыққа және ҚР Президентіне мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандар ант берді. Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
- 31.08.2022
- 267