• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында 70-ке жуық инвестжоба жүзеге асырылуда

Шыны пакеттер және Қазақстанда баламасы жоқ эпоксидті компаунд шығаратын кәсіпорындар жыл соңына дейін іске қосылады. Өңірде шикізаттық емес экспорт белсенді түрде арттырылуда. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов облыстық мәслихат отырысында биылғы жылдың жеті айы ішіндегі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын шығарды.

 

2022 жылдың 7 айы қорытындылары бойынша экономиканың негізгі салаларында өсудің оң динамикасы байқалады. Ауыл шаруашылығы 2,5%, құрылыс 8%, баспана салу 16,6%, инвестиция тарту 7,5%-ға өскен. Айталық, соңғы көрсеткіш бойынша облыс елімізде көш бастап келеді. Мысал үшін, жалпы құны 44,5 млрд теңгеге 70-ке жуық инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы басталды.

 

- Шикізаттық емес экспорттан елімізде екінші орында келеміз, 2021 жылдың қорытындылары бойынша көрсеткіш $1 млрд болса, биылғы жылдың бес айында $1,4 млрд өнім шығардық, - деді өңір басшысы. – 17 инвестициялық жоба іске қосылды. 2025 жылға дейінгі инвестжобалардың жалпы пакеті 2 трлн теңгеге бағалануда. 9961 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 

Инвестициялардың едәуір бөлігі агроөнеркәсіп кешене тиесілі, оған құйылған қаражат салымдары 10%-ға артқан. Оған егістік көлемнің артуы, етті және сүтті мал шаруашылығының дамуына мультипликативтік әсері бар суармалы егіншілік септігін тигізуде. Сол себепті, өңір басшылығы суармалы алқаптардың кеңейтілуіне және Мемлекет басшысы жариялаған құрылымдық экономикалық өзгерістерге ерекше көңіл бөледі. Әбілқайыр Сқақовтың сөзіне қарағанда, тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешу осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі болмақ.

 

- Көмірмен қамту мәселесі күнделікті бақылауымызда, - деп атап өтті облыс әкімі. – Үш қалада жылумен қамту желілерін жөндеу жоспарлары іске асты. Алайда ағымдағы жөндеу жұмыстарының көлемі жеткіліксіз. Техникалық аудит пен желілер диагностикасы қорытындылары бойынша тозу деңгейі 85,7%-ды құрады.

 

Әбілқайыр Сқақов айтып өткендей, аталған есептеулер Үкіметке жеткізілді. Нәтижесінде үкіметтік комиссия Екібастұз ЖЭО жұмысын тексеріп, жөндеу кампаниясының графиктен кешігуін тіркеді. Одан бөлек, өңірде сумен қамту жұмысы жүргізілуде. Биыл ауыл тұрғындарының 95,2% сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сонымен бірге, жыл соңына дейін облыстық маңызы бар жолдардың 93% нормативтік күйге жеткізіледі.

 

Өңірде өзекті мамандықтар орталықтары ашылды, 1800-ден астам адамға кеңес беру, құжаттар рәсімдеу, жұмыспен қамту немесе біліктілікті арттыру түрінде көмек көрсетілді. Нәтижесінде NEET жастарының саны 6%-ға кеміген. Әбілқайыр Сқақов балаларды қорғау мәселелеріне жеке тоқталды.

 

- Облыс бойынша 45 мыңнан астам мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Балалар үш қалада қоғамдық көлікпен тегін жүре алады, - деді өңір басшысы. – Биыл ерекше қажеттіліктері бар балаларды сауықтыруға арналған инфрақұрылымды сапалы түрде кеңейту бойынша жұмыс басталды.

 

Жыл соңына дейін облыс орталығында балаларға арналған үш сауықтыру орталығы ашылады және ересектерге арналған 150 орындық сауықтыру орталығының құрылысы жоспарлануда. Одан бөлек 156 әлеуметтік нысанды бейнебақылау жүйесіне қосу жоспарланған.

 

Сонымен бірге Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен есептік кездесулердің жаңа форматы туралы хабарлады. Жыл басынан бері жүзден астам кездесу өтті. Шалғай орналасқан елді мекендер тұрғындары көтерген мәселелердің басым бөлігі шешімін тапты. Соңында Әбілқайыр Сқақов депутаттардың өңірдің өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарына жауап берді.

  • 07.09.2022
  • 335
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика