• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Өңір басшысы Отбасы күні қарсаңында көпбалалы отбасылардың үйлеріне барды

Облыс әкімі мереке қарсаңында көпбалалы отбасыларға азық-түлік, киім-кешек, қысқа жететін көмір және басқа қажетті тауарлар сыйлады. Оған дейін Әбілқайыр Сқақов мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен демеушілер арасында көмекке зәру отбасыларға жәрдем көрсетуге арналған қайырымдылық акцияны бастаған болатын. Өртке оранған автокөліктегі адамдарды құтқарған Павлодар облысының 42 жасар тұрғыны болса, сертификат пен ерлігі үшін төсбелгіге ие болды.

Әбілқайыр Сқақов Маралды ауылының 42 жасар тұрғыны Еркебұлан Жүзбаевтың үйіне барды. 26 тамызда Павлодар-Шарбақты тас жолында бұл азамат өртке оранған автокөліктен төрт адамды шығарып құтқарды. Содан соң жеңіл автокөлік жарылды. Мереке қарсаңында өңір басшысы ерлік танытқан азаматқа алғыс айтып, «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісі мен ақшалай сертификатты табыстады.
 
📌 Сіздің танытқан ерлігіңіз жұртқа үлгі болуы керек. Облысымызда айналасындағы адамдардың тағдырына бейжай қарамайтын осындай азаматтардың бар болғанын мақтан етемін. Өңір тұрғындары атынан Сізге ерлігіңіз үшін алғыс білдіремін, - деді облыс әкімі.
 

Еркебұлан Жүзбаев жұбайымен бірге екі қыз тәрбиелеп отыр. Қазір ер адам үйді жөндеуде, сондықтан алынған сертификат құрылыс материалдарын сатып алуға жұмсалады. Бұл аймақ басшысының жеке қолдауы екенін айтып кеткен жөн.

👨‍👩‍👧‍👦 - Бұл қаражатқа әйнектерді ауыстырып, тұрмыстық техника мен қажетті құрылыс материалдарын сатып алуға болады. Көмегіңіз үшін рахмет, бұл мен үшін үлкен құрмет, - деді ауыл тұрғыны.

Мереке қарсаңында Әбілқайыр Сқақов жеті баланы тәрбиелеп отырған Жүсіповтер отбасының үйіне де соқты. Былтыр балаларының спортпен айналысуы үшін ата-аналар облыс орталына көшуді ұйғарды. Азық-түлік жиынтығынан өзге облыс әкімі балаларға сыйлықтар, спорттық киім-кешек, кимоно, домбыра сыйға тартса, жеті жасар Кәмшатқа ролик табыс етті. Сонымен бірге өңір басшысы құзыретті орган өкілдеріне жеке кәсіп ашу туралы отбасы отағасына кеңес беруді тапсырды.
 
📌Жетістіктеріңіз көп болсын, спортта табыс тілеймін, - деп жас дзюдошыларға қарап айтты Әбілқайыр Сқақов. – Денсаулықтарыңыз зор болсын, аналарыңызға күш пен тағат тілеймін, балаларыңыз қуанта берсін.
 
Өңір басшысы көмек сұраған Толкачевтер отбасында да қонақта болды. Ерлі-зайыптылар бес бала тәрбиелеуде, оның бірі медициналық көмекке зәру. Әбілқайыр Сқақов балаларға қысқы киім, ойыншықтар, азық-түлік сыйлады. Дәрігер көмегін қажетсінген баланың мәселесін облыстық денсаулық сақтау басқармасы бақылауына алды.
 
Сонымен қатар, облыс әкімі көпбалалы ана Анар Шөкеновке де көмек көрсетті. Балалар тауарлары мен азық-түлік жиынтықтарынан бөлек, алдағы қысқы маусымға қажет төрт тонна көмір мен ағаш отын әкелінді. Одан өзге, әйелге атаулы әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша заңгерлік көмек көрсетілетін болады.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі 
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

  • 11.09.2022
  • 310
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика