• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әлеуметтік нысандары жылыту маусымына 100% дайын

Барлық 598 білім беру нысандарының 596-сы дайын тұр. Облыс бойынша тұрғын үй қорының әзірлік деңгейі 90%. Жылыту маусымына дайындық және инфрақұрылымдық нысандар құрылысына мемлекеттік бақылау мәселелері Әбілқайыр Сқақов төрағалық еткен аппараттық кеңесте талқылады.

 

Бүгінде облыстағы көпқабатты үйлердің 90% жылыту маусымына әзір. Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов сендіргендей, жылу желілерінің жөндеу жұмыстары жоспардан артық орындалған.

 

- Білім беру нысандарының 99,7%-ы жылыту маусымына дайын. Денсаулық сақтау мекемелері 98%, әлеуметтік, мәдени және тұрмысқа қажетті нысандар – 99,3%, әлеуметтік саланың автономды қазандықтары 99,7%-ға дайын, - деді Ержан Салханов. – Қатты отынға деген жалпы қажеттілік 640 мың тоннаға тең.

 

Мәселен, білім беру нысандарына көмірдің жоспарланған мөлшердің 45%, денсаулық сақтау – 41%, әлеуметтік, мәдени және тұрмысқа қажетті нысандар – 76%-ға жеткізілген. Өңір басшысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысына аудандар бойынша толыққанды мониторинг жасап, көмір қоймаларын 1 қазанға дейін толтырып, әлеуметтік нысандар дайындық деңгейін бір апта ішінде 100%-ға жеткізуді тапсырды.

 

Сонымен бірге, аппараттық кеңес барысында Павлодар облысының қалалары мен аудандары есеп берді. Павлодар әкімі баяндағандай, көпқабатты тұрғын үйлердің дайындық деңгейі 93%. Жылыту маусымының басталуы 26 қыркүйекке жоспарланған. Әбілқайыр Сқақов Асайын Байхановқа жылыту маусымына байланысты жедел штаб құрып, қалыптасқан жағдай туралы күн сайын есеп беру туралы міндет қойды.

 

- Қала мен аудан әкімдері әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселесін жеке бақылауына алып, көмекке зәру тұрғындарға жәрдем беру бойынша барлық қажетті іс-шараларды қарастыруы қажет. Павлодар әкімі, «Павлодарэнерго» АҚ және «Павлодар жылу желілері» ЖШС барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауы керек, - деп тапсырды облыс әкімі. – Екібастұз әкіміне арнайы мамандарды шақыру арқылы Екібастұз ЖЭО-ны дамыту бойынша іс-шараларды сапалы түрде өткізу қажет. Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшылығы жақын арада алдағы жылыту маусымына дайындық барысына мониторинг өткізуді қолға алуы тиіс.

 

Құрылыс нормаларын бұзған 130 субъект жалпы сомасы 30,4 млн теңге айыппұл төлеуге мәжбүрленді. Оның ішінде, Успен және Баянауыл ауданындағы елді мекендерде су құбырларын салу кезінде олқылықтарға жол берілген. Сонымен бірге, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарын өткіземіз деген желеумен қажетті жобалық-сматалық құжаттамасыз күрделі жөндеу өткізу фактілері тіркелген. Мемлекеттік сәулет және құрылыс бақылау басқармасының басшысы Арман Бекбосыновтың сөзінше, бұзушылықтардың жартысы мердігерлердің мойнында. Әбілқайыр Сқақов мердігер ұйымдарды жауапкершілікке тартуды күшейтіп, Мемлекет басшысы мұрындық болған заң жобасына ұсыныс енгізуді тапсырды.

 

- Бұзушылықтардың классификаторын құрып, қала және аудандар әкімдерімен бірлесе жауапсыз мердігерлерге қатысты қатаң шара қолдану қажет. Осы тәжірибені пайдаланып, Қала құрылысы кодексіне ұсыныстар жолдау керек, - деді өңір басшысы. – Бұл жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс істері жөніндегі комитетімен бірлесе, қоғам пікірін ескере қолға алу керек.

 

Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов басқарма басшыларына қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесе облыста салынған жолдардың сапасын тексеруді тапсырды. Құрылыс, оның ішінде нүктелік құрылыс саласына қатысты кешенді жұмыс жүргізу үшін жеке жиын өткізу жоспарлануда.

  • 13.09.2022
  • 372
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика