- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Әбілқайыр Сқақов облыстың ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерімен кездесті
Өңір басшысы Павлодар, Железин және Тереңкөл аудандандарында егін орағы науқанымен танысу кезінде ғылыми-тәжірибелік шаруашылық, егістік алқаптарын диверсификациялау және бағаларды ұстап тұру туралы тапсырма берді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1,3 млн гектарды құрады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 138 мың гектарға артық. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев айтып өткендей, дәнді дақылдар шығымдылығы әр гектарынан орташа есеппен 10 центнерді, көкөністердің шығымдылығы гектарынан 30 центнерді құрады. Дейтұрғанмен, жиын-терім көлемі 50%-ға ғана еңсерілген.
Әбілқайыр Сқақов егін орағын белгіленген уақытта аяқтап, оның сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, егістік алқаптарын әртараптандыру де міндеттелді.
- Суармалы егінішілікке қомақты қаржы құйылуда, өнімді сақтайтын қойма да жеткілікті. Жергілікті нарықты толықтырып, өз-өзімізді азық-түлікпен қамсыздандыруымыз қажет, - деді облыс әкімі. – Бастысы егінді жинап, оны сақтап, бағаларды тұрақтандырып, ірі ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерімен қарым-қатынасты күшейту керек.
Черноярка ауылдық округіне қарасты «Родник» шаруа қожалығы қырыққабат пен пиязды келісіне 80 теңгеден өткізуде. Негізінен өнім Екібастұз бен Павлодарда сатылуда. Шаруашылық басшысы Геннадий Андрейцев сөзіне қарағанда, пияз вентиляция жүйесі орнатылған қоймада сақтаулы. Жиын-терімді бес күн ішінде аяқтаймын деп отыр.
Шаруалармен кездескен кезде Әбілқайыр Сқақов өнімді делдалдарсыз жеткізу керектігін қайталап айтты. Өңір басшысы Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслямға ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін арттыру бойынша жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырды.
- Көкөніс қоймаларының шамамен әрбір үшінші тоннасы Павлодар ауданына тиесілі. Бұл жақсы көрсеткіш, - деді облыс әкімі. – Агроөнеркәсіптік кешендегі жұмысты күшейту керек. Бұл заманауи технологиялар мен инвестиция тартуға да қатысты.
Биыл дүкендер сөрелеріне жергілікті брокколи келіп түспек. Қысқажапырақты қырыққабат «Қабылдиновтар» ШҚ эксперименталдық түрде өсірілуде. Әбілқайыр Сқақов өнімді қазанда ашылатын фермерлік базарда өткізуді ұсынды.
Бесжылдық кешенді жоспар аясында өңірде 32 млн қарағай көшеттерін отырғызып, орманды жерлер ауданын 89 мыңнан 95 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Облыс әкімі орман қорын бақылау мақсатында әрбір көшетті цифрландыру қажеттілігін қадап айтты.
- Ауылдықтар жас көшеттерді біреулер кесіп алып кетеді, деп шағымдануда, - дейді облыс әкімі. – Шаруашылықты басқаруға көмектесетін нақты жүйе керек. Бұл орманды қорғау саясатының бір бөлігі ғана. Ол үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп отыру қажет.
Әбілқайыр Сқақов ағаш суарудың ең тиімді әдісін таңдауды тапсырды. Тамшылатып суару мүмкіндігі де қарастырылуда.
Бобров ауылындағы «Құндық» ШҚ дәнді дақылдар мен картоп өсіреді. Картоп сақтау қоймасында микроклиматты бақылау үшін әмбебап автоматтандырылған жүйе енгізілген. Өңір басшысы «Ертіс Агро» фермерлік шаруашылығы алқаптарында Тереңкөл ауданының шаруаларымен кездесті. Әбілқайыр Сқақов ғылыми-тәжірибелік әдістерді қолданудың артықшылықтарын айтты.
- Аудандар әкімдері ауыл шаруашылығы басқармасы мен фермерлермен бірлесе аудандар бойынша сараптама өткізуі қажет, - деді облыс әкімі. – Жердің құнарлығын жақсарту және топырақ балансын сақтау бойынша жаңа талаптар жасақтау керек.
Алдын ала нәтижелері Железин ауданындағы «Самрук и К» ЖШС әзірлеген. Биыл кәсіпорын 40 тоннаға жуық картоп алмақ. Директор Тимур Қабдылов айтып өткендей, жергілікті нарыққа ауданда өсірілген түрік картобы шығарылуы мүмкін. Оның өнімділігі өзгелерден әлдеқайда жоғары.
Башмачное ауылдық округінде Әбілқайыр Сқақов Железин ауданының фермерлерімен кездесті. Тұқым әзірлеумен айналысатын шаруашылықтар минералдық тыңайтқыштар мәселесін көтерді. Оның сөзінше, тұқым материалының жартысы Нидерланд пен Қытайдан сатып алынады. Өңір басшысы агроғылымды қолданудың қажеттілігін айтты.
- Зерттеу институттарымыз селекция, тұқым өсіру мен тыңайтқыштармен айналысуы тиіс, - деді өңір басшысы. – Бізде субсидияның 300-ден астам түрі бар, алайда тұқым әзірлеуді субсидиялауға көшуіміз қажет. Сол бағыттағы импортқа тәуелділіктен арылу керек. Ол үшін өзіміз тыңайтқыш шығаруды күшейтіп, тұқым қорын жасақтап, селекциялық ғылымды дамыту қажет.
Жалпы облыс бойынша шаруаларға бағасы литріне 191 теңге тұратын 23 мың арзандатылған отын берілді. Бұл нарықтағы бағадан 40 теңгеге арзан.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев
- 20.09.2022
- 218