• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен тұрақты кездесулерін Май ауданында өткізді

Павлодар облысында ауыл тұрғындарымен жаңа форматтағы кездесулер жалғасуда. Май ауданында тұрақты кездесу кезінде ауыл тұрғындары өз сауалдарын өңір басшысына тікелей жолдауға мүмкіндік алды.

Май ауданы – мал шаруашылығы дамыған өлке. Соңғы үш жыл ішінде саладағы өсім 1,2 есеге артса, жыл соңына дейін қосымша үш ірі жоба жүзеге асырылады. Ауданда әлеуметтік маңызы бар нысандар белсенді түрде тұрғызылуда. Жақсы күйдегі автожолдар үлесі 92%-ға жеткен. Таза ауыз сумен қамтылу деңгейі 2020 жылдан бері 94,6%-ға таяған. Әбілқайыр Сқақов аудан әкіміне көрсеткіштерді арттырып, әлеуметтік дамуды одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Дене шынықтырумен айналысатындар санын 33%-ға жеткізу керек. Балаларды қосымша білім берумен қамсыздандыру, тұрғындарды жұмыспен қамтудың көшпелі орталықтарының жұмысы мен ауыл медицинасын жақсартуды ұмытпау керек, - деді өңір басшысы. – Медұйымдар негізінде төрт дәріханалық пункт ашу бойынша жұмысты аяқтап, шалғайда орналасқан ауылдарға көмірді үздіксіз тасымалдауды тапсырамын.

Осыған дейін тұрғындармен ықпалдасудың жаңа форматы аясында облыстық басқармалар басшылары Май ауданының 22 елді мекенін аралап шықты. Сөз болған 63 сұрақ инфрақұрылымды дамыту, жол және әлеуметтік көмек мәселелеріне қатысты болды.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын облыс әкіміне тікелей жолдауға мүмкіндік алды. Мысал үшін, Көктөбе тұрғындары ауылішілік жол мен жергілікті әкімдік ғимаратын жаңартуды қажетсініп отыр. Әбілқайыр Сқақов ауыл және аудан әкімдеріне бұл мәселені қысқа уақытта шешуді міндеттеді.

Жергілікті зейнеткерді көмір бағаларын тұрақтандыру мәселесі толғандырды. Май ауданының әкімі Ағыбай Әмірин жеткізгендей, ауданда көмірдің қажетті мөлшері бар. Қатты отын бағасы 6,5 мыңнан 18 мың теңгеге дейінгі аралықта. Жалпы, ауданның 48 отбасына көмір сатып алуға көмек беріледі.

Өңір басшысы жылыту маусымына әзірлік пен осы бағыттағы тұрғындарды ақпараттандыру жұмысы толық көлемде және алдын-ала жүргізілуі тиіс.

Аудан әкімдері қатты отын бағаларының қалыптасуын қатаң бақылауға алуы тиіс, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Қазір өңірде көмекке зәру отбасыларға көмек беруді жеңілдететін арнайы электрондық жүйе – «Отбасының әлеуметтік картасы» енгізілуде. Қайталап айтамын, әлеуметтік көмек мәселесі – жергілікті деңгейдегі әкімдердің тікелей міндеті.

Ерболат Шаталов есімді ақсақалдың айтуынша, Саты мен Абай ауылдарының тұрғындары таза ауыз суға қол жеткізу алмай отыр. Естеріңізде болса, кеше облыс әкімі Май аудандық топтық су құбыры тазарту станциясында болып, ол жерден су сынамаларын алды. Әбілқайыр Сқақов тексеріс нәтижесінен соң су құрамын жақсартудың ғылыми жобасын әзірлеуді тапсырды.

Көктөбе ауылы тұрғындары мектептің жеткілікті деңгейде жылытылмайтынын алға тартты. Аудан әкім сендіргендей, аталған білім беру мекемесінде екі қосымша қазандық орнатылды. Өңір басшысы бұл мәселені жіті назарда ұстауды аудан әкіміне тапсырды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени-ойын-сауық нысандарын жаңарту мен медицина кадрларының жетіспеушілігі алаңдатты. Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

  • 20.09.2022
  • 351
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика