- Блогтар
- Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры
K-Law Академиясының Ашылуы
2022 жылдың 8 сәуірінде ҚР заңнама және құқықтық ақпарат институты мен Корея Республикасының Заңнама институты арасында ғылыми ынтымақтастық аясында k-Law Academy онлайн-мектебі ашылды. Ашылғаннан кейін J. D, PhD, профессор Jae Sung Kim ПИРК қызметкерлеріне арналған кеңейтілген дәріс өткізді, онда Корея республикасының медициналық құқық саласындағы ұлттық заңнамасының негізгі ережелері қозғалды. Кездесу соңында профессор Jae Suk Kim іс-шараны қорытындылап, дәріс тыңдаушыларының барлық сұрақтарына жауап берді. Онлайн-мектеп шеңберінде 2022 жылғы 29 сәуірде жеке мәліметтерге және 2022 жылғы 13 мамырда Кореяның Әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына арналған дәрістер өткізу жоспарлануда.
- 27.09.2022
- 216