• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыс әкімі көші-қон мәселелері бойынша өңірлік жедел штабтың отырысын өткізді

Ресей Федерациясынан келушілер санының артуы өңірлік жедел штабының отырысы барысында қарастырылды. Әбілқайыр Сқақов миграциялық процесстерді бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

ҚР ҰҚК шекара қызметі департаментінің бастығы Ғани Бекмырзаевтың ақпаратына қарағанда, 2022 жылдың 21-26 қыркүйегі аралығында Павлодар облысы шекара бекеттерінен 35 мың адам өткен. Олардың ішінде 13 мың адам Ресей Федерациясының азаматтары, 5 мыңы Қазақстан аумағынан кетті.

 

Полиция департаментінің бастығы Василий Склярдің сөзіне қарағанда, соңғы бес күн ішінде ХҚКО және көші-қон қызметі бөлімшелеріне келуі туралы ескерту бойынша 388 ресейлік азамат өтініш берген, уақытша тұруға 154 адам көмекке жүгінген. Облыстағы криминогендік жағдай тұрақты.

 

Облыс орталығында үш Халыққа қызмет көрсету орталығы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Павлов, 48 мекенжайы бойынша күшейтілген ХҚКО ашылды. Адамдардың шамадан тыс көп шоғырлануын болдырмау үшін шетелден келушілер үшін арнайы кезек пен бес қосымша терезе ұйымдастырылған.

 

Әбілқайыр Сқақов жағдайды мониторингілеу мен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізіп, барлық мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

 

- Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-шара қолдану маңызды. Полиция департаменті мен Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне өңірдегі заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келген ресейліктерді уақтылы тіркеу бойынша алгоритм әзірлеу қажет, - деді өңір басшысы. - Қалалар мен аудандар әкімдері мигранттар легін реттеуге арналған арнайы штабтар құру керек.

 

Облыс әкімі шетелден келгендерге Заңға сәйкес көмек көрсетілетінін атап өтті. Құзыретті органдарға қонақ үйлер иелері және мигранттармен құқықтар мен жауапкершіліктер жайында түсіндіру жұмыстарын өткізу тапсырылды. Таяу арада облыста жедел желі іске қосылады.

  • 28.09.2022
  • 223
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика