• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұржан Нұржігітов Балтық аймақтық BRIEF`22 инвестициялық форумына қатысты

Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған жамбылдық делегациясы BRIEF`22 Балтық аймақтық инвестициялық форумына қатысты.

Айта кетейік, форум инвестиция тартудың тиімді алаңы болып табылады әрі бірлескен қызметтің перспективалық бағыттарын анықтау, көрші елдегі әріптестермен байланыс орнату мақсатына негізделген.

Форумның пленарлық отырысында сөз алған Нұржан Нұржігітов бұл шара екі өңірдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретінін атап өтіп, Жамбыл облысының инвесторлар үшін тартымдылығы мен жоғары әлеуетіне тоқталды.

Аймақ басшысы Жамбыл облысының кәсіпкерлері сертификатталған және сапалы өнім жеткізуге дайын екендігін айтты. Мәселен, облыста 120 мың гектарға жуық аумақтан жыл сайын 1 миллион тонна көкөніс жиналады. Өңірде көкөніс қоймаларын жүйелі қалыптастыру арқылы жылына 200 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдерін экспорттауға болады.

Бүгінгі күні БАӘ, Катар, Түркия, Бахрейн Корольдігі, Италия, Украина және Ресей Федерациясына ет экспорты жолға қойылған. Жамбылдық ет комбинаттарының экспорт көлемін артыруға, яғни, қой етін 4 мың тоннаға, сиыр етін 10 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндігі бар.

Облыстағы алма бақтарының көлемі 2,6 мың гектарды құрайды. Бұл алма бауларынан жылына 21 мың тоннаға жуық алма жиналады. Бүгінгі таңда алма бақтарын ұлғайту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. 2024 жылға қарай алма экспортын 50 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Әлеуетті инвесторларға облыстың ауыл шаруашылығы, туризм және жаңартылатын энергия көздері салаларында жалпы құны 3,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын 24 жобаны жүзеге асыру ұсынылуда.

Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі.

Сондай-ақ өңірде ішкі және халықаралық туризмді дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалған. Облыс тарихи-археологиялық ескерткіштерге, ерекше табиғи аймақтарға бай. Өңірдегі бес тарихи нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген.

Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздері саласында көшбасшы болып табылады.

  • 28.09.2022
  • 240
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика