- Блогтар
- Нүкежанов Е.Б.
Нүкежанов Е.Б.
ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы
Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті
Ағымдағы жылы 28 қыркүйекте «Астана қаласының баһаи қауымдастығы» діни бірлестігінің кеңсесінде Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан діни бірлестіктерінің, ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің және ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басшылары мен өкілдері қатысты. Жиналыс жұмысы барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері қатысушыларды діни бірлестіктердің қаржылық қызметіне қатысты бастамаларымен таныстырды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің қазақстандық және әлемдік қоғамдастық үшін маңызы жөнінде атап өтті. Діни бірлестіктердің өкілдері 2023-2033 жылдарға арналған жаһандық дінаралық диалог алаңы ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін дамыту тұжырымдамасының жобасына ұсыныстар енгізуге ниет білдірді.
- 30.09.2022
- 241