- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің төрағалығымен Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары әкімдіктері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептер тыңдалды. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сайттарында қазақ тілінің сөйлеу синтезі функциясын енгізу мәселесі қаралды.
Дархан Қыдырәлі осы мәселені жеке бақылауына алатынын, мүмкіндігі шектеулі жандарды толғандыратын мәселелерді шешу кезінде олардың пікірлерін ескеру қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар министр мемлекеттік органдардың өкілдеріне ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етудегі үлгілі жұмысы үшін алғыс хаттар табыс етті.
- 30.09.2022
- 276