- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Павлодар облысында жергілікті нарықты картоп және сәбізбен қамту жөніндегі меморандумға қол қойылды
Құжатқа сәйкес, көкөністердідүкен сөрелеріне тікелей жеткізу мақсатында 20 мың тонна картоп пен 5 мың тонна сәбіз қоймаларда арнайы сақталады. Әбілқайыр Сқақовтың облыс ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерімен кездесуде тауар сапасы мен бағаның қалыптасуы мәселелері талқыланды.
Ағымдағы жылы картоптың жиналған көлемі жеті жүз мың тоннадан асты. Бұл былтырғы көрсеткіштен20%-ға артық. Ішкі нарықты толығымен қамтамасыз ету үшін шамамен жүз мың тонна картоп қажет. Әбілқайыр Сқақов тауардың сапасы және бағаларды тұрақтандыру мәселесін қайтадан ескертті.
– Картоп өсіруді дамыту үшін облыста мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары қолданылуда, – деді өңір басшысы. – Былтырғы жылы өңір тұрғындары көкөніс сапасына көңілі толмаған. Сол себепті тауарлардың тұрақты бағалары мен жоғары сапасын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін облыста қажетті көлемдегі қоймалар бар.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев айтып өткендей, меморандумға сәйкес, 36 ауыл шаруашылығы өнім өндірушілері қоймаларында 20 мың тонна картоп пен 5 мың тонна сәбізді сақтап қалады. Бұл мемлекеттік қолдауға ие кәсіпкерлер. Мысалы, 2010-2022 жылдары өңірде суармалы алқаптардағы ИКИ құрылысына бюджеттен 20 млрд теңге бағытталған. Биыл 360 млн теңгегебес мың тонна шамасындағы картоп тұқымын сатып алу субсидияланды.
Өз кезегінде, облыс әкімі көкөніс қоймаларынан картоп сатып алудың шекті бағасын 100 теңге етіп белгілеуді тапсырды.
– Қалалар мен аудандар әкімдері ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, әлеуметтік дүкендерді, жәрмеңкелер мен фермерлік базарды картоп пен сәбіздің қажетті көлемімен қамтамасыз етуі тиіс, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Өнім сапасын ұмытпай, бағаларды тұрақты түрде мониторингілеуді қолға алу қажет.
Облыстық ішкі нарығын әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларымен қамту үшін осы айдың соңына дейін фермерлік базарды іске қосу көзделуде. Жалпы, 2,5 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің өнімі 2 есеге артты.
- 11.10.2022
- 210