• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысында қысқы уақытқа 800-ден астам бірлік арнайы техника дайын

Облыс елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстауға 27 мың тоннаға жуық инертті материалдар мен 589 бірлік арнайы техника әзірленді. Жолдың жиектерін қолмен тазалауға 800 адамның еңбегі пайдаланылады. Тас жолдары мен көшелерді қысқы уақытта күтіп ұстауға дайындық туралы ақпарат облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте өңір басшысына жеткізілді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашқыровтың айтуынша, жергілікті маңыздағы автожолдарды күтіп ұстауға биыл 229 бірлік жол техникасы, 3027 тонна көктайғаққа қарсы материал мен 237 тонна жағармай дайындалды. Қалалар мен аудандардың орташа әзірлігі 70%, дегенмен Успен, Баянауыл және Железин аудандарында дайындық деңгейі 50%-дан аспайды. Әзірліктің межеленген деңгейге жетпеудің себебі - нормативтік қаржыландырудың жоқтығы.

Әбілқайыр Сқақов автожолдардың қысқы уақытта күтіп ұстауын қаржыландырудың әдістемесін қайта қарауды тапсырды.

– Жекелеген қалалар мен аудандарда көшелерді ретте ұстауға бөлінетін қаражат мөлшері әрқалай, – деді өңір басшысы. – Қалалар мен аудандар әкімдеріне үшжылдық келісім-шартқа қол қойып, аудандық маңыздағы автожолдардың қаржыландыруын арттыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырамын. Сапаны қаперде ұстап, ең оңтайлы вариантты таңдау қажет.

Өңір басшысы автожолдарды қысқы уақытқа алдын ала дайындап, оларды күтіп ұстаудың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін мердігерлермен үш жылдық келісім-шартқа қол жеткізген Ертіс ауданын үлгі ретінде атады.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салхановтың айтуынша, облыс елді мекендерінің көшелерін күтіп ұстауға 102 ұйым, 589 бірлік арнайы техника, 26 300 тонна инерттік материал әзірленіп, жол жиектерін қардан тазалауға 792 жұмыскер жұмылдырылады. Өңір басшысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысына көшелерді қысқы уақытта күтіп ұстауды бақылауға алуды бұйырды.

Қысқы уақытта проблемалық жолдардың бірі - республикалық маңызға ие Астана - Ерейментау - Шідерті автожолы. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Мақсат Асқаровтың сөзіне қарағанда, жолды қарлы бораннан қорғауға 26,2 шақырым, оның ішінде ең күрделі 205 және 235 шақырымдық учаскеде қар ұстайтын қалқан орнатылды

Әбілқайыр Сқақов облыстық жолаушылар көлігі және автожол басқармасына, ұлттық оператор, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдеріне облыстық және республикалық маңызға ие автомобиль жолдарының қысқы уақытта күтіп ұстауына уақтылы әзірлік өткізіп, жұмысты қатаң бақылауға алу тапсырылды.

– Республикалық, облыстық және аудандық жолдарда қысқы уақытта көліктің еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету керек, – деді өңір басшысы. –  «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ПОФ полиция департаменті, жол активтері сапасы ұлттық орталығымен бірлесе қысқы уақытқа дайындық бойынша «Қазақавтожол» ЖШС ПОФ өндірістік базаларын комиссиялық тексерістен өткізуі тиіс.

Барлық елді мекендерде қар шығаруға арналған полигондар белгіленді. Автокөліктің үздіксіз жүрісін қамтамасыз ету жөніндегі жедел іс-қимыл жүргізу мақсатында мердігер ұйымдар жанынан диспетчерлік қызметтер құрылды. Азаматтардың коммуналдық қызметтер және мердігер ұйымдардың жұмысына көңіл толмаған жағдайда тұрғындар қалалар мен аудандар көмегіне жүгінуге немесе «109 бірыңғай байланыс орталығына» хабарласуға болады.

  • 18.10.2022
  • 287
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика