- Блогтар
- Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.
Атырау облысының әкімі
МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАДЫ
"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тұрғындарды онлайн форматта қабылдады", - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Аймақ басшысының кезекті қабылдауына жазылғандар әр түрлі әлеуметтік мәселеге қатысты өтініштерін айтты. Бірқатары тұрғын-үй және жалақысы жоғары жұмыспен қамтуға көмек қолын созуды сұрады.
Азаматтардың өтінішін тыңдаған аймақ басшысы көтерілген мәселелерді заң шеңберінде шешу жолдары қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әр өтініштің артында адам тағдыры тұрғандықтан олардың жеке өз бақылауында болатынын жеткізді. Өңір басшысының азаматтарды онлайн қабылдауына қатысқан лаузым иелеріне де өтініштерге қатысты тиісті тапсырмалар берілді.
- 23.11.2020
- 236