• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қонаев қаласында мемориалды ескерткіш ашылды

Бүгін Қапшағай ГЭС-нің бой көтеруіне ықпал еткен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына, Шапық Шөкиннің 110 жылдығына орай арнайы мемориалдық ескерткіш ашылды.

Шараға Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев, «АлЭС», «Самұрық-Энерго» компанияларының өкілдері, ардагер энергетиктер, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев қатысты.
Ескерткіштің қызыл лентасын өңір басшысы және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның басқарма төрағасы Түтебаев Серік, ардагер энергетик Есберген Әбілтайұлы қиды.

«Құрметті жерлестер, сіздерді Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 2022 жыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығымен қатар Қапшағай су электр станциясының жобасының авторы, Қазақстанда энергетика ғылымының негізін қалаушы Шапық Шөкиннің 110 жылдығы және көрнекті мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Өңіріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар азаматтардың еңбектеріне лайықты баға беріліп, мемориалды ескерткіш ашылды. Ата-бабамыз аңсаған егемендігіміз еңселі, болашағымыз баянды болсын!» – деді алғашқы сөзді алған Марат Сұлтанғазиев.

Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Алматы облысының құрмет грамотасымен бірқатар мамандарды марапаттады: 1. «Алматы электр станциялары» (АлЭС) АҚ-ның басқарма төрағасы Ерлан Қырқынбаев; 2. «АлЭС» АҚ-на қарасты Шапық Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС директоры Мұрат Кәрімов; 3. Қапшағай ГЭС-нің электромонтері Марат Қарашашов.
Сондай-ақ ол ардагер энергетиктерге арнайы сый-сияпат табыстады.
Мемлекет және қоғам қайраткері, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев болса Ерлан Қырқынбаевқа «Қонаевтың 110 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.

«Бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Айта кетсек, Шапық Шөкин Іле арнасын бөгеп, ағысы қатты өзен бойында ГЭС салу керектігін айтып, үлкен жобаны қорғап шықты. Содан кейін бұл идея сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа ұнап, ГЭС құрылысы басталып кетті. Ал алғашқы тасы 1969 жылы қаланғаны – бәрімізге белгілі. Іле өзені бойында электро станция салынып қана қоймай, қазірде облыс орталығына айналған қала бой көтерді. Сол себепті де бүгін біз үшін бір емес бірнеше мерекенің басы осы жерде тоғысты десек болады»,- деді ардагер энергетик.
Ауқымды іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев болса «АлЭС» компаниясының жұмысымен танысты.

  • 22.10.2022
  • 303
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика