• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі «Тәуелсіздік ұланы» премиясының лауреаттарын марапаттады

Республика күні қарсаңында Павлодар мектеп оқушылары мен колледждер студенттері қомақты жүлделерге ие болды. Лауреаттар ақшалай сыйақы мен «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгілерін өңір басшысының қолынан алды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен өткен жылы Павлодар облысының дарынды балаларын қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұланы» премиясы тағайындалған еді. Жүлде иегерлеріне 50 АЕК немесе 159 мың теңге көлеміндегі сыйақы табысталады.

Республика күні қарсаңында Әбілқайыр Сқақов премия лауреаттарын құттықтап, ел болашағының жастар қолында екендігін тағы бір рет атап өтті.

Бүгін біз сіздермен 32 жыл бұрын жаңа елдің қалыптасуын баяндаған, қазірде Әділетті Қазақстанның өмірге келгенін айқындаған айтулы күн қарсаңында кездесіп тұрмыз, – деді өңір басшысы. – Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» белгісінің 100 иегерлерін марапаттаудамыз. Көшбасшылық қабілеттерді сақтағаныңызға тілектеспін. Солай ғана дені сау, интеллектуалдық ұлт құрып, сол арқылы Қазақстанды гүлдендіре аламыз.

Конкурсқа қатысуға жеті жүзден астам өтініш келіп түсті. Жеңімпаздарды анықтау үшін тәуелсіз қазылар алқасы құрылып, нәтижісінде «Тәуелсіздік ұланы» премиясының 100 лауреаты анықталды. Бүгінде сол жеңімпаздар облыс әкімінің қолынан марапатқа ие болды.

Мысалы, «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациясында белсенді азаматтық көзқарас үшін төрт мектеп оқушысы мен колледж студенті марапатталды, 20-дан астам павлодарлық өрен «Ғылыми-техникалық шығармашылық және оқушылық-зерттеу жұмыс» номинациясында жеңіске жетті. Тағы 20 адам спорт, кәсіптік және шығармашылық шеберлігі үшін мрарапатталды.

Өз кезегінде, жүлде иегері – № 8 мектеп-лицей оқушысы Антонина Степанова өскелең ұрпаққа қолдау көрсеткен облыс басшысына алғыс айтты.

Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» премиясына қол жеткізгенім мен үшін зор мәртебе, – деді ол. – Бұл менің ғана емес, маған Отанды сүюді үйреткен ата-анам мен мұғалімдерімнің де жетістігі. Бұл күнді мен жетістіктерімнің жоғары деңгейде бағаланған күн ретінде мәңгі есте сақтаймын.

Абай атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы Әлішер Дабылхан да өз сезімдерімен бөлісті. Болашақ мектеп түлегі өңір басшысына Республика күніне орай челлендж бастауды ұсынды. Әбілқайыр Сқақов мектеп оқушысының бастамасын қабыл алып, Мұзафар Әлімбаевтің өлеңін оқып, «Қадірлі Қазақстан, Отан - ана» акциясына мұрындық болды. Челленджді жалғастыру кезегі өңірдің барлық мектеп оқушылары мен жастарына берілді. Кеш соңында жастар «Жаса Қазақстан» әнін бірге шырқады.

  • 22.10.2022
  • 314
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика