• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Республика күні қарсаңында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар премиясының лауреаттары марапатталды

Әбілқайыр Сқақов «Тәуелсіздік ұрпақтары» облыстық жастар премиясының жеңімпаздарын марапаттады. Олардың арасында халықаралық жарыстар жеңімпаздары, ғылым, өнер және спорт саласындағы таланттар бар.
 
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жүлдесі кәсіби, ғылыми, шығармашылық және қоғамдық салада табысқа ие болған дарынды жастарға беріледі. Бүгін ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында өңір басшысы жеңімпаздарды құттықтап, болашақ өркендеген Қазақстанның іргетасы жастар екендігін тағы бір мәрте қадап айтты.
 
— Әрбіреуіңіз әртүрлі салада зор жетістікке қол жеткізді. Сіздер бір орында тұрмай, өздеріңіз де, өзгені де жетілдіруге атсалысып жатырсыздар. Осының бәрі сіздердің көшбасшылық қабілеттеріңіздің белгісі, - деді облыс әкімі. – Табандылық, адалдық және еңбекқорлық қасиеттеріңізді жоғалтпайтыныңызға сенімдімін. Өйткені, сіздер сияқты лидерлермен ғана әділетті әрі дамыған Қазақстанды құра аламыз.
 
Биыл білікті қазылар алқасы конкурсқа жолданған 100 өтініш арасынан «Тәуелсіздік ұрпақтары» жастар премиясының 10 номинациясы бойынша 20 жеңімпазды анықтады. Олардың қатарында «World Skills Competition – 2022» бүкіләлемдік конкурсының жүлдегері, Торайғыров университетінің студенті Дина Афанасьева да бар.
 
— Еліміз үшін тарихи маңызға ие күн қарсаңында жүлде алу мен үшін зор табыс. Қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет. Жетістіктерімді бағалағандарыңыз үшін алғыс айтамын,  – деді конкурс жүлдегері.
 
Сонымен бірге акробатикадан Азия чемпиондары, әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Анатолий Пахандрин мен Санжар Садуов және IV Бүкілресейлік «Medical Soft Skills» чемпионатының дипломанты Темирхан Баяхметов та премияға ие болды. Екі баланы құтқарған Ертіс аудандық полиция бөлімінің кезекші көмекшісі Азамат Саянов «Ерлігі үшін» номинацисында жеңімпаз атанды. Өскелең ұрпақ өкілдерінің тағы бірқатары «Ауыл шаруашылық жұмыскері», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Медицина», «Өндіріс жұмыскері», «Кәсіпкерлік», «Волонтерлік» және «Мәдениет» салаларында үздік шықты. Лауреаттың әрбіреуіне ақшалай сертификат табысталды. Жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңге. Салтанатты рәсім мерекелік концертке ұласты.

  • 22.10.2022
  • 296
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика