• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Республика күніне орай Павлодар облысының 83 тұрғыны мемлекеттік наградаларға ие болды

Ұлттық мейрам қарсаңында бірқатар павлодарлықтар елдің дамуы мен қоғамдық өмірдегі белсенділігі үшін жоғары мемлекеттік марапаттарға ие болды. Павлодар облысының әкімі Мемлекет басшысы атынан ордендер мен медальдарды табыс етті.

Салтанатты рәсімді ашқан Әбілқайыр Сқақов жиылғандарды тәуелсіз Қазақстан үшін тарихи күнмен құттықтады.  

–  32 жыл бұрын бұл күні жаңа республика - егеменді Қазақстан дүниеге келді. Дала қыранына тән мінезбен еліміз тәуелсіздік жолына мемлекет басына түскен алғашқы жылдардағы қиындықтарды жеңе білді, - деді өңір басшысы. –  Бүгінде Қазақстан жаңа жолды бастамақ. Бұл тарихи оқиға дәл осы күнге, 25 қазанмен тұспа-тұс келгені кездейсоқтық емес. Биыл бұл мерекеге ұлттық мейрам мәртебесі қайтарылды. Мереке құтты болсын!

Облыс әкімі Қазақстан халқына тән әділдік, теңдік және бірлік секілді асыл қасиеттерді санамалап өтті. Әбілқайыр Сқақов атап өткендей, осының бәрі күнделікті еңбегімен ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан азаматтарымыздың жетістіктеріне тікелей байланысты.  

–  Осы қағидалар Мемлекет басшысы мұрындық болған өзгерістердің негізіне айналды. 10 ай ішінде біз түбегейлі экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асырыла бастағанының куәсі атандық, ал санаулы күндерден соң қазақстандықтар президент сайлауында дауыс беретін болады, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Ел тарихындағы осынау өзгерістер биылғы Республика күнінің маңыздылығын арттырды.

Республика күні қарсаңында Павлодар облысының 83 тұрғыны Мемлекет басшысы атынан жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Оның ішінде 11 павлодарлық «Құрмет» орденімен, «ҚЭЗ» АҚ слесарі Иван Бардашевский мен «УПНК-ПВ» ЖШС бас инженері Иван Федоров ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды. Облыстың 20-ға тарта тұрғыны «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Оның ішінде «Каустик» АҚ метрологі Виктор Вахитов, Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы-драма театрының драма әртісі Жұмахан Досбаев, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп директоры Майра Мамбетова, «Ирбис» телеарнасының директоры Тимофей Голев пен басқалар бар. Екі азамат ҚР Құрмет грамотасына ие болса, енді біріне «Шапағат» медалі табысталды.

Сый-құрметке ие болғандар еңбектері еленгені үшін облыс басшылығына алғыс айтты.

– Ортақ үйіміздің қалыптасуына зор үлес қосқан азаматтарымыздың еңбектері еленді. Баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан және елдің тыныштығын тілеймін, - деді «Құрмет» орденінің иегері Идият Әбдіқалықов.

Салтанатты рәсім ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Майра Мұхаммедқызы, Айгүл Иманбаева, Маржан Арапбаева және қазақстандық эстрада жұлдыздары Серік Ибрагимов, Дастан Оразбеков, сондай-ақ Иса Байзақов атындағы облыстық филармония камералық хор орындауындағы әндер шырқалған концертке ұласты.

  • 23.10.2022
  • 274
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика