- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
Таразда Халық жазушысы Ш. Мұртазаның 90 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Таразда Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, журналистика корифейі Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған «Шерхантаным: қазіргі қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің даму тенденциялары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Жиынды модератор – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген жүргізіп отырды.
Басқосуға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, түрлі жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алдымен жиынға қатысушыларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтап, шараның маңыздылығы мен тұлғаның өнегесі туралы тоқталып өтті.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жазушының өмірі және шығармашылық жолы халыққа аянбай қызмет етудің үлгісі екенін атап өтті.
- 26.10.2022
- 229