• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Атырауда облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар іріктелді

Атырауда «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының XXXYIII кезектен тыс конференциясы болды. Онда Атырау облыстық мәслихатына кандидаттарды ұсыну үшін, праймериз қатысушылары арасында дебат болып өтті.

«Конференция жұмысына Атырау облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетов қатысты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Барлығы 27 үміткер өзекті мәселелерді көтерген дебат барысында праймеризге қатысушы, С.Мұқашев атындағы политехникалық колледж директоры Бақыт Шеркешбаева оқу орындары жанынан жұмыспен қамту орталықтарын ашуды ұсынды. Оның пікірінше, мұндай орталықтар жас мамандарды жұмысқа орналастырудың негізгі тетігі бола алады.

Праймеризге қатысушы, Атырау облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева болса, Атырау қаласын «қауіпті экологиялық аймақ» деп тануды ұсынды. «Мұнай мен газ өндіру секторында жетекші орын алып отырған Атыраудың экологиялық қауіптілігі мойындалса, тұрғындарға өтемақы төленер еді. Сонымен қатар, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға көбірек мән беруіміз керек. Сәбилер балабақшаларға екі жастан бастап қабылданады. Оларға ерекше күтім керек. Сондықтан, сәбиге төленетін жәрдемақыны үш жасқа дейін созуды ұсынамын»,- деді Нәсіп Шалабаева.

Дебат барысында көтерілген өзекті мәселелердің бірі - су тапшылығын жою. Праймериздің ең жас қатысушысы - Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғы операторы Бексұлтан Дүйсенғұлов өркениетті елдерде канализациялық ағын сулар қайта өңделіп, пайдаланылып жатқанын атап өтті. «Израиль қолданылған судың 80 пайызын қайта кәдеге жаратады. ТШО компаниясы да голландиялық технологияны қолданып отыр. Соңғы он жылдықта дүниежүзілік жылыну, климаттық өзгерістер және қардың түсуі, жауын – шашынның азаюының кері әсері қатты байқалуда. Бұл жағдай жалғаса берсе, Жайық өзені тартылып бітеді. Ресми деректерде өткен жылы су мөлшерінің 40 пайызға дейін азайғаны айтылады»,- деген ол пайдаланылған суды тағы қолдану жобасын іске қосуды ұсынды.

Атырау облысына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, шешу жолдары да ұсынылған дебат соңында сессияға қатысушылар Атырау облыстық мәслихатының депутаттығына ұсынылатын кандидаттарды анықтау мақсатында дауыс берді.

  • 23.11.2020
  • 313
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика