• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Шарбақты ауданының шалғай ауылында 25 жылдан кейін мәдениет үйі ашылды

Есілбай ауылында бұрын өртеніп кеткен ғимарат орнына жаңа мәдениет үйі ашылды. Шалдайда жергілікті ағаштан жиһаз жасау жоспарлануда. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов Шарбақты ауданында жұмыс сапарымен болды.

Есілбай ауылындағы 100 орындық мәдени-ойын-сауық орталығы биыл іске қосылды. Жоба құны 139,1 млн теңге. Мұнда ауылдық кітапхана, ардагерлер кеңесі, Қазпошта бөлімшесі жұмыс істейді. Орталықта аға буын әншілерге арналған «Бақытты әжелер» вокалдық тобы, хореографиялық ұжымдар және үстел теннисі мен қолөнер үйірмелері бар. Мәдени ошақ меңгерушісі Үмітжан Құдайбергенова айтып өткендей, тұрғындар мұндай орталықтың ашылуын ұзақ жылдар бойы күткен.

– Біздің ауылда бұрынғы мәдениет үйі өртеніп кеткеннен бері 25 жыл болмаған. Ауыл тұрғындары үйірмелер жұмысына белсенді қатысуда, жастар хореографиялық үйірмелерде шеберлік шыңдауда. Мәдениет үйі заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған, LED-экранымыз бар. Осының бәрі облыс басшылығының қолдауымен іске асты, - дейді мәдениет үйінің қызметкері.

Осы жерде Әбілқайыр Сқақов жергілікті ақсақалдармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді. Аға буын тұрғындар ауыл тұрмысының жақсарғаны үшін өңір басшысына зор алғыс білдірді.

– Мәдениет үйін көптен күттік. Бастысы - оны жанға толтыру. Осы мәселеде қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Мәдениет бар жерде - бірлік бар деп халық бекер айтпаған. Сондықтан осындай жобаларды қолдауға әрқашан дайынбыз, – деді облыс басшысы.

Шалдай ауылында «Ертіс Орманы» МОТР РМК қызметімен танысты. Орман қорын қалпына келтіру үшін мұнда 2800 гектар аумағында қарағайдың екі жылдық көшеттерін отырғызу жүргізілуде. Табиғи саябақтың жалпы ауданы 278 мың гектарға тең. Әбілқайыр Сқақов тұрғындар арасында орманды жерлерді қорғау мақсатында ақпараттық-насихат жұмысын жүргізуді тапсырды.

Табиғи резерват 100%-ға арнайы техникамен қамсыздандырылған - 28 өрт сөндіру машинасы, 38 соқалы трактор, 21 патрульдік машина, 14 кіші өрт сөндіру кешені және басқалар. Оған қоса, биыл табиғи саябақ жанында 2015 жылдан бері тоқтап қалған ағаш өңдеу цехі қайта ашылды. Жергілікті тұрғындар арасынан тоғыз адам жұмыспен қамтылды. Филиал директоры Арман Бектеміров айтып өткендей, цех аптасына 300-350 текше метр ағаш өңдей алады.

– Өткен жылы кәсіпорнымызға келген кезде облыс әкімі өндірістік учаскені жандандыруды тапсырған еді. Бүгінде станоктар орнатылды. Әкелінетін ағаштың шамамен 40%-ын өңдейміз, - деді резерват директоры.

Әбілқайыр Сқақов кезінде аудан мақтанышы болған ағаш өңдеу саласын қалыпқа келтіруді тапсырды.

– Осының бәрін коммерциялизациялауға болады. Жұмысты дұрыс ұйымдастыра білген кезде табыстарыңызды арттыра аласыздар. Ол үшін ағаш өңдеу бойынша жобаларға назар аудару керек, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімі табиғи резерваттың еңбек ұжымымен де кездесті. Мекемеде 307 адам жұмыс істейді. «Ертіс Орманы» жұмыскерлері сауалдарын жолдай алды. Мәселен, спорт кешенін салу туралы өтініш айтылды. Әбілқайыр Сқақов бұл мәселені қарастыратынын жеткізді. Кездесу соңында жұмыскерлердің бірқатары облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталса, орман шаруашылығы ардагері Зұпар Есмұхановқа «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Галкино ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы жергілікті тұрғындар волейбол, баскетбол, футбол, еркін күрес, үстел теннисі, шахмат пен тоғызқұмалақ үйірмелеріне қатыса алады. Мердігерлердің ақпаратынша, жыл соңына дейін ғимараттың шатыры көтеріліп, жылу жүйесі орнатылады. Содан соң ішкі әрлеу жұмыстарына кезек берілмек. Айта кетейік, мұндай әлеуметтік нысан ауылда бұрын-соңды болмаған.

– Ауыл өмірін жақсартумен тұрақты түрде айналысамыз. Жұмысты сапалы әрі межеленген мерзімде аяқтау қажет, – деді өңір басшысы. 

Әбілқайыр Сқақов Галкион тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар ауыл өмірінің жақсарып келе жатқанымен бөлісті және алаңдатқан сауалдарын қойды.

«Галкино – Жана-аул – Алексеевка» тас жолында облыс әкімі жөндеу жұмыстарымен танысты. Трассаның жалпы ұзындығы 31 шақырым. Биыл оның 20 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Жоба құны - 848 млн теңге. Мердігер уәде еткендей, 10 күн ішінде жұмыстар толығымен аяқталады. Жалпы, жыл соңына дейін облыста жақсы және қанағаттандырарлық күйдегі жолдар көлемі 93%-ға жетеді.

  • 02.11.2022
  • 349
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика