• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІТ-саланың Павлодар облысында дамуы талқыланды

Өңір басшысы панельдік пікір алмасу кезінде ІТ мамандарды даярлау процессінің сапасы мен мазмұнын жетілдіруді ұсынды. Павлодар облысында технологиялық жетістіктер мен инновацияларға арналған «Цифровизация күні» - «Digital Day - 2022» форумы өтті.

Бүгінде облысымызда 5 негізгі жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында жағдаяттық-сараптама орталығы, Smart City Pavlodar, «109 - Бірыңғай байланыс орталығы», eAkimat 365, Геопортал және цифрлық телқосақ бар. Соңғы екі жылда өңірде IT-мамандар даярлау 1200-ден 4800-ға өскен. 4 IT мектеп жұмыс істейді, олардың екеуі AstanaHub резиденті болып табылады. Биылдан бастап Ақпараттық Технологиялар Колледжі жанында IT HUB Jylyjai және Toraighyrov University жанында Computer Science факультеті ашылды.

Әбілқайыр Сқақов осындай жетістіктерге ие бола тұра IT мамандардың даярлау сапасы мен мазмұнын жетілдіру керектігіне тоқталды. Ол үшін IT оқыту факультатив ретінде өткізілетін жаңа типтегі мектептер енгізіле бастайды.

— Бәрін мектептен бастау керек. Мақсат - мектептерде алдағы өмірде негіз бола алатындай дайындық өткізу қажет, — деді облыс әкімі. — IT HUB кәсіби тесттер мен қысқа мерзімді курстар өткізуге жақсы алаң бола алады. Колледждер мен ЖОО-лар сарапшылар пікір алмасатын тұрақты ортаға айналуы тиіс. Бұл жаңа экономиканы тиімді дамытуға мүмкіндік береді.

Бұл дегеніміз, мамандық таңдау IT саласына қарай ығысады деген сөз. Инфрақұрылым сапалы мамандармен толығып, дербес IT қоғамдастық пайда болады. Бастысы, адамдар мен стартаптарды үздіксіз әзірлейтін IT конвейер түзіледі.

— Кез келген жоба IT архитектура құрудан басталып, бұл маман басты рөлдердің біріне ие болады, — деді өңір басшысы. — Алғашқы қателіктерді ескере отырып, IT архитектура құрылып, жоба, мәліметтер базасы мен сервистер пайда болуы тиіс.

Әбілқайыр Сқақов пікірінше, жеке меншік компаниялар дербес IT өнімдер әзірлеуге де ерекше көңіл бөлуі қажет. Сонда ғана компанияның тиімділігі мен бәсекелестікке қабілеттілігі арта түспек.

— Мемлекет ірі IT жобаларды жүзеге асырған кезде бұл салада бәсекелестік тудыруға тырысады, — деді өңір басшысы. — Осы орайда мемлекетке де, жеке меншік секторға да бірдей цифрландырудың зор мүмкіндігі бар. Бізде IT және креативті индустрияның дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар.

Панельдік сессия барысында IT саланы дамыту жөнінде өз ұсыныстарын халықаралық сарапшылар білдірді. Олардың қатарында ең ірі әлемдік студияларға арналған 2D және 3D графика жасайтын калифорниялық компанияға инвестиция құйған ресейлік кәсіпкерлік Максим Михеенко да болды. Одан басқа Павлодар облысынан шыққан Booking.com техникалық менеджері Әлібек Дәтбаев, Цифрлық технологиялар мектебінің директоры Қанат Қожахмет және AstanaHub цифрлық технопаркінің өкілдері бар. Сонымен қатар, Cerebra медтехстартап негізін қалаушы әрі СЕО, әлемге танылған компания Medtronic нұсқасы бойынша биыл әлемнің топ-10 медтехстартап тізіміне енген Павлодар тумасы Досжан Жүсіпов те осы пікірсайысқа үн қосты.

Панельдік сессия модераторы ҚТЖ цифрлық трансформация офисінің басшысы, технологиялық кәсіпкер Ержан Наурызбаев облыста болашақ павлодарлық айтишілердің жолын ашатын бірегей IT-экожүйесі бар екендігін ерекше атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, Павлодардың IT-бизнесі мен атақты павлодарлық айтишілер енетін IT ассоциация құру керек. Соның көмегімен IT-жастар үшін менторлық тәжірибе енгізуге әбден болады. Әбілқайыр Сқақов бұл ұсынысты қолдап, оны қызықты бастама деп бағалады.

Сонымен бірге форум аясында павлодарлық компаниялардың IT өнімдерінің көрмесі өтті. Мысалы, Кар-Тел (Beeline) цифрлық полицей, AR шалғайдағы сарапшы, private LTE және ақылды ТҮКШ жобаларын таныстырды.

  • 02.11.2022
  • 336
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика