- Блогтар
- Байханов А.
Байханов А.
Павлодар облысының әкімі
Облыс орталығында жыл соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысан іске қосылады
30 жылдан соң Павлодарское ауылында Мәдениет үйі бой көтермек. Облыс орталығында Гагарин атындағы саябақ абаттандырылуда. Облыс әкімі Павлодар маңындағы елді мекендерді аралап, аталмыш жұмыстарды орындау барысымен танысты.
Павлодарское ауылында 300 орынды Мәдениет үйінің құрылысы басталды. Мұнда 30 жылға жуық уақыт бойы ауыл тұрғындарына арналған мәдениет нысаны болмаған. Қазірде аумақ абаттандырылып, ғимарат қасбеті салынуда, ішкі әрлеу жұмыстары, мәдениет үйінің аумағы мен саябақ аймағы жарықтандырылуда. Жоба құны 752,4 млн теңге. Нысан келесі жылы пайдалануға берілмек, алайда мердігер жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауға бар күшін салатынын айтты.
Әбілқайыр Сқақов қала әкіміне жұмыс сапасын қадағалауды міндеттеді.
– Ең бастысы жұмысты сапалы және уақтылы аяқтау қажет. Бастысы, ғимарат жылы болуы тиіс. Кезең-кезеңімен мекеме штатын іздестіріп, басшылықты бекітіп, жиһазбен қамту керек, – деді өңір басшысы.
Торайғыров, 6 көшесіндегі үй тұрғындары аулаішілік аумақты абаттандыру бойынша жобаны қолдағаны үшін облыс басшылығына алғыс айтты. Мұнда қыркүйек айында «Халық қатысуындағы бюджет» бағдарламасы бойынша балалар ойын алаңдары, спорт тренажерлері, бірнеше демалыс аймағы қондырылды. Көше жарықтандыру жұмыстары да аяқталуға жақын.
– Зейнеткерлер, жас аналар, балалар мен жасөспірімдері бар, әрбіреуінің жеке қызығушылықтары бар ірі аулаларда барлық адамдардың мүддесін ескеру керек, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Бұл бағдарлама тұрғындар мен әкімдік арасындағы диалог құрудағы бірден-бір құрал екендігі айқын.
Облыс әкімі қала әкіміне тұрғындар өтініштерін қарастыруды тапсырды. Биыл «Халық қатысуындағы бюджет» бағлапламасына облыс орталығында 120 млн теңге бөлінді. Жоспарда келесі жылы соманы 1 млрд теңгеге дейін арттыру бар.
«Достық» мөлтек ауданында сорғы станциясының құрылысы аяқталуда. Нысан іргетасы қаланып, өрт сөндіру резервуары, қаладан ЖЭЦ-1-ке қарай судың жұмсалуын өлшеуіш қондырылды, төртінші сорғыны орнату үшін қажетті құрал-жабдықтар орнату жүргізуде. Үш сорғыны іске қосу бойынша іс-шаралар қолға алынуда. Жоба құны 204,3 млн теңге. Өңір басшысы қала әкіміне ауа температурасының -30 градусқа дейін төмендеген кездегі ОНС-6 жұмысын тексеруді тапсырды. Сонымен бірге, жылу желілерін цифрландыру да қала басшылығының мойнына артылды.
– Кез келген штаттан тыс оқиға цифрлық тарихта қалуы тиіс. Дайындық және жөндеу жұмыстарының алдында барлық гидравликалық сынақтар «Цифрлық телқосақтан» өтуі тиіс, сол жерден осал тұстарды көретін боламыз, – деді Әбілқайыр Сқақов. – Бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырсақ, маусымдық жөндеу жұмыстарына жұмсалатын қаражатты 30-40%-ға қысқартамыз.
Сапар соңында өңір басшысы Гагарин саябағының ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Биылғы қыркүйекте саябақтың барлық бөліктері біртұтас аумаққа біріктірілді. Балалар ойын алаңдары, спорт тренажерлері, шатыр, демалыс аймақтары, баскетбол, футбол алаңдары, қырлы кеспе, сыртқы жарықтандыру, вело-жүгіру жолақтары мен ағаш егу жұмыстары жүргізілуде. Мердігердің айтуынша, жөндеу қараша айының соңына қарай аяқталады.
– Саябақты жергілікті тұрғындар пікірін ескере абаттандыру керек. Бірде-бір ағашты кеспеу қажет. Оған қоса, жаяу жүргіншілер жолақтарын кеңейтіп, балалар алаңдары, тренажерлерді қондыра отырып, саябақты төрт жақтан аштық, – деді облыс әкімі. – Бұл жерде әрі қарай дамыта отырып, тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналдыру керек.
Әбілқайыр Сқақов Асайын Байхановқа саябақты сапалы модернизациялау мәселесін бақылауға алып, жұмыстарды белгіленген уақытта аяқтауды міндеттеді.
- 02.11.2022
- 284