• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Павлодар облысының әкімі бірінші қалалық аурухананың реконструкциясын мерзімінен бұрын аяқтауды тапсырды

№1 қалалық аурухананың базасында республикалық клиникаларға тән жоғары технологиялық кешенді іске қосу жоспарланып отыр. Әбілқайыр Сқақов денсаулық сақтау нысанын реконструкциялау барысымен танысты.  

Павлодар қаласындағы № 1 ауруханада осы жылдың шілде айынан бастап кешенді реконструкция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аурухана ғимаратының терезелері мен қасбеті жаңартылып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды. Мердігер ұйым – «Bazis Construction» ЖШС-ің вице-президенті Жеңіс Нұғымановтың айтуынша жұмыстарды жүргізудің жалпы мерзімі 19 айды құрайды.   

– Жыл соңына дейін қасбетті жөндеу жұмыстарын 80 пайызға аяқтау жоспарлануда. Терезелерді орнату 90 пайызға, Г және Д блоктарындағы құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталады,  –  деді мердігер.

Екі блокта күндізгі стационар мен сheck-up орталық, екінші қабатта 11 жедел ота бөлімдері орналастырылады. Реконструкциядан кейін мұнда 3-4 отаны бір уақытта жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық кешен сатып алу және нақты диагностика жүргізу үшін ангиограф аппаратын орнату жоспарланып отыр. №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жұмажановтың айтуынша науқастарға қолайлы  жағдай жасау үшін әрбір палатаға санитарлық торап орнатылады.

– Барлық дәрігерлер жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін арнайы оқытудан өтеді, – деді аурухананың басшысы. –  Медициналық мекеменің модернизациясының бірегейлігі гибридті жедел ота бөлімінде.

Өңір басшысы атап өткендей, бірінші қалалық аурухананы толық жаңғырту республикалық клиникалардағыдай жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді. Қазір медициналық мекемеде стандартты мамандандырылған көмек көрсетіледі.

- Біздің өңіріміз үшін бұл әлеуметтік маңызды жоба. Аурухана салынғанан бері мұнда кешенді жөндеу жүргізілмеген, - деп атап өтті Әбілқайыр Сқақов. - Біз жаңа деңгейдегі заманауи аурухана құрып жатырмыз, сондықтан жауапкершілік өте жоғары. Басты міндет - халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру  және оған жұмсалатын уақытты азайту.

Ауруханада жүріп жатқан реконструкция медициналық қызметтерді көрсетуге кедергі етпейді. Барлық блоктар кезең-кезеңмен жөнделіп, науқастардың жатын орындар қоры толық сақталып отыр. Облыс әкімі жобаны кезең-кезеңмен 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.  Денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен облыс әкімінің бірінші орынбасары жөндеу жұмыстарының барысын әр 10 күн сайын тексеріп отыруы тиіс.

  • 02.11.2022
  • 482
Байханов А.

Павлодар облысының әкімі

Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика