• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

«75 орындық жаңа типті ауруханада бес бөлім жұмыс істейді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

 

Перзентхана, хирургия, балалар бөлімшесі, инфекциялық және жалпы терапия бөлімдері салаға қажетті соңғы үлгідегі медициналық құралдармен жабдықталуда.
Атап өтерлігі, жұқпалы аурулар бөлімшесі өз алдына жеке ғимаратта.

Сонымен бірге, жедел жәрдем көліктері қойылатын жылы бокстар бар. Ас дайындайтын орын, кір жуу және дезинфекциялау бөлімшелері бөлек тұрғызылған.


«Бұрын ескі ғимаратта реанимациялық көмекті қажет ететін науқастарды екінші қабатқа қол еңбегімен тасымалдайтын болсақ, қазір бұл жаңа ауруханада арнайы жүк лифті бар. Осының өзі медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді.

Операциялық кабинет бұрын бір адамдық болса, жаңа ғимарат күрделі операцияларды екі науқасқа қатарынан жасауға мүмкіндік беріп отыр.


Перзентхана бөлімшесінде қажет жағдайда анаға реанимациялық көмек көрсетуге, нәрестенің жүрек соғысын бақылауға, шала туған нәрестелерді бақылауға арналған кювездер бар» дейді Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлсара Нұрмағанбетқызы.


Пандемияның «екінші толқынына» дайындық барысында, жаңа аурухананың хирургия бөлімі провизорлық стационар ретінде жасақталуда.
Бөлімшелердің барлығында 63 оттегі нүктесі бар.

Оттегін беру процесі енді бір орталықтан басқарылады. Бұрынғыдай ауыр балондар тасудың қажеттілігі жоқ.

Құрманғазы аудандық орталық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург Нұрғиса Шолпанов пандемияның «екінші толқыны» бола қалған жағдайда провизорлық бөлімшеге жетекшілік етеді.


«Әр палатаға кемінде үш оттегі нүктесі жүргізіліп отыр. Жалпы, аурухана тоғыз ИВЛ аппаратымен қамтамасыз етілді.

Реанимациялық үш кереует бар. Және екі интенсивті терапия кереуеті жасақталды.


Реаниматолог дәрігерлеріміз соңғы емдеу хаттамасы бойынша онлайн оқулардан өтті. Қазіргі уақытта аурухананың провизорлық бөлімшесінде 28 кереует дайындалуда. Науқас саны көбейетін болса, оны 40 кереуетке дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар» дейді дәрігер - хирург Нұрғиса Шолпанов.


Аурухананың НКОК компаниясының демеушілігімен салынып отырғанын атап өткен Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары Жастілек Хасанов «нысанға су, газ, жарық сынды ең қажетті инженерлік коммуникация желісі толықтай тартылды», - дейді. Қазіргі уақытта медициналық мекеме қажетті құралдармен жабдықталып жатыр.


Еске сала кетелік, Құрманғазы ауданында орталық аурухана, орталық емхана, 16 амбулатория, 2 селолық аурухана, 8 медициналық пункт бар.


Аталған медициналық мекемелерде барлығы 63 дәрігер, 336 орта медициналық орта буын қызметкері еңбек етуде.

 

Оның ішінде, Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында 13 жоғарғы буын, 49 ортаңғы, 36 кіші буын медициналық қызметкерлері бар.

  • 23.11.2020
  • 296
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика