• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МӘЖІЛІСКЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНАН ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМГЕ ҰСЫНЫЛАТЫН КАНДИДАТТАР АНЫҚТАЛДЫ

"Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалының кезектен тыс 32-ші конференциясы өтіп, праймериз бойынша көп дауыс жинаған қатысушылар ішінен ҚР Парламентінің Мәжілісіне Атырау облысынан партиялық тізімге енетін кандидаттар жария пікірсайыс қорытындысы арқылы анықталды»- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Облыстық филиалдың төрағасы,аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов төрағалық еткен конференцияға Атырау облыстық саяси партия кеңесі және оның бюросы мүшелері, партия ардагерлері, аумақтық партия төрағалары мен бірінші орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен "Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының Атырау облысы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасын бекіту; ҚР Парламентінің Мәжілісіне Атырау облысынан партиялық тізімге кандидаттарды жария пікірсайыс қорытындысы арқылы ұсыну; «Nur Otan» партиясынан Атырау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту; «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезіне Атырау облысынан делегаттарды сайлау туралы; «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Жария пікірсайысқа сегіз үміткер түсті. Дебат аяқталған соң делегаттар карантин талаптарын сақтай отырып, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған ҚР Парламенті Мәжілісіне Атырау облысынан париялық тізімнің өңірлік квотасына сай ұсынылатын кандидаттар есімі жарияланды. Олар: 107 дауыспен Дүйсенбай Тұрғанов, 98 дауыспен Сәлімжан Нақпаев және 74 дауысқа ие болған Толқын Бейсқали.
«Конференцияға 24 мың мүшесін біріктіретін партияның барлық филиалдарынан 110 делегат сайланды. Оның ішінде, конференцияға Атырау қалалық филиалынан 42, аудандық партия филиалдары бойынша 68 делегат қатысып отыр. Делегаттар құрамында қоғамымыздың барлық салаларының өкілдері қамтылған. Атап айтқанда, 8 % өндіріс, 25 % білім, 5 % денсаулық, 31% бастауыш партия ұйымдары төрағалары, 20 % ардагерлер мен өзге де қызмет салаларының қызметкерлері бар. Делегаттардың 34,6 % әйелдер және конференцияға 3 ұлт өкілдері сайланды»,- деді "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.
Конференцияда облыстық "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларының жобасы бекітілді. Бұлар облыс бойынша 2021-25 жылдары болашақ өмірімізде өзекті деп табылған, өңір экономикасына қатысты мәселелер.
Сондай-ақ, аталған жиында «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының бекіткен өңірлік квотасына сәйкес, Партияның кезектен тыс XX сьезіне Атырау облыстық партия филиалынан 18 делегат сайланды.
«Nur Otan» партиясы аймақтық және аумақтық партия филиалдарында 17 тамыз бен 4 қазан аралығында партияішілік іріктеу - праймериз өткізілгенін айта кетуіміз керек. Праймериз барысында өткен кездесулерде партия мүшелерінен 1061 ұсыныс-аманаттар түсіп, оның 448-і тоғыз сайлауалды бағдарламалар жобасынан көрініс тапты.

  • 23.11.2020
  • 520
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика