• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысы: Нидерланд компаниясы өңірдегі кәріз тазарту жүйесін жаңартуға мүдделі

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев кезекті инвесторлар тобымен кездесу өткізді.

Бұл жолы Қонаев қаласы маңындағы тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесін жаңарту мәселесі талқыланды.
Басқосуға өңір басшысының орынбасары Арслан Дандыбаев, қала әкімі Нұрлан Құматаев, кәсіпкерлік, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, өңірлік даму басқармасының өкілдері қатысты.
«Dutch Clean Group (DCG) – суды тазарту саласында 60 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық жетекші компания.  Біздің мақсатымыз суды фильтрлеу арқылы адамдардың қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету», – деді компанияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Алмас Лепесбаев.

Оның айтуынша, DCG серіктестігі заманауи SBR биореактор технологиясы бойынша жүмыс жасайды. Және басқа серіктестіктерге қарағанда біршама артықшылықтары бар: •  жобаны іске асыру кезінде жылдам әрекет ету; • тиімді бағада кәріз тазарту жүйесін (КТЖ) салып, қысқа уақыт ішінде қолданысқа беру; • толықтай автоматтандырылған жүйе су тарифінің төмен болуына әсер етеді. Сондай-ақ электр энергиясы айтарлықтай үнемделеді; • артық тұнбаның түзілуін 40% төмендету арқылы тазартуға қойылатын қондырғының көлемі кішірейтіледі, яғни КТЖ қазіргідей үлкен аумақты алмайды; • тазартылған су тұнбасын қаланы жылыту, жер құнарын арттыру үшін қайта пайдалануға болады. Бұдан бөлек, шаруашылық, иррегация мәселесін шешуге де мүмкіндік туады.

«Біз Қонаев қаласы жанындағы құрылысқа қолайлы шарттарды қамтитын ашық бизнес-модельді қолдана отырып 100% инвестиция құюға ниеттіміз. Сонымен қатар жоба пайдалануға берілген соң, 5 жылдан 20 жылға дейін техникалық қызмет көрсетуді өз мойнымызға аламыз. Ал қаладағы муниципалитеттер ағынды суды тазарту қондырғыларын салу және күтіп ұстау үшін инвестиция құю орнына DCG компаниясына ай сайын қаржы аударып отырады», – деді Алмас Лепесбаев.
Өкілдік басшысының мәліметінше, керекті құжаттарды реттеу, мемлекеттік сатып алуға қатысу, келісім-шартқа отыру, құрылыс секілді барлық іс-әрекеттер жасалғанда, КТЖ 2 жыл ішінде қолданысқа беріледі.
«Қонаев қаласы КТЖ суын пайдаланып отырған жалғыз қала емес. Шаһар маңында бірнеше елдімекендер бар. Бұған қоса, Алматы мен Қонаев қаласы аралығына 4 қала салуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан облыс орталығына  келіссөз жүргізуге келіп жатқан инвесторлар ағыны көп», – деді облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Басқосу соңында өңір басшысы жауапты мамандарға аталған жобаны ары қарай зерттеп, құжаттарды реттеуді тапсырды.

  • 10.11.2022
  • 340
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика