• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
АТЫРАУДА «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘҢГІМЕ» АТТЫ МҮСІНДЕР КОМПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

«Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрының алдында төрт бірдей театр тарланының ескерткіші ашылды. Мүсіндік композиция Сабира Майқанова, Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов және Хадиша Бөкееваға арналған», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, қазақ театр және кино өнерінің абызы Асанәлі Әшімов, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Шараны Бақытгүл Хаменова құттықтау сөзімен ашып, «шығармашылық әңгіме» композициясы жәй ғана ескерткіш еместігін атап өтті.

- Міне, бүгін театрдың төрт тарланына Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театырының алдынан ескерткіш ашылмақ. Бұл жай ғана сәулет өнерінің үлгісі немесе сәнді-салтанатты нысан емес, бұл – белгі. Атыраулықтардың мәдениет пен өнерге, оның өкілдеріне, аға ұрпаққа деген құрметінің белгісі, кез-келген ел үшін руханияттың маңыздылығын меңзейтін өскелең ұрпаққа деген өсиетінің белгісі. , - деді облыс әкімінің орынбасары.

Ескерткіштің лентасын Қазақстан және КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов пен «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан қиды.
Айта кетелік, «шығармашылық әңгіме» мүсіндер композициясының авторы – сәулетші, мүсінші Гүлфия Мелдеш.

  • 23.11.2020
  • 366
Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика