• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«2019 жылдан бастап Өзбекстанға экспорттайтын отандық өндірушілерді қолдау көлемі 255 млрд теңгеден астам соманы құрады», - KazakhExport

«KazakhExport» ұлттық экспорттық сақтандыру компаниясы мен Өзбекстан Республикасының қаржы институттары арасында қол жеткізілген келісімдер отандық өндірушілерге жергілікті нарыққа қолжетімдік мүмкіндігін береді. Бұл туралы «KazakhExport» басқарма төрағасы Аслан Қалигазин хабарлады.

Оның айтуынша, отандық тауарларға сұраныс артуда. KazakhExport-тың сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар жергілікті нарыққа автокөліктерді, аккумуляторларды, кабель өнімдерін, азық-түлікті, құрылыс материалдарын және көптеген басқасын жеткізеді.

2019 жылдан бастап Өзбекстанға экспорттайтын отандық өндірушілерді қолдау көлемі барлығы 255 млрд теңгеден астам соманы құрады.

«KazakhExport сақтандыру қолдауымен қазақстандық экспорттаушылар жергілікті нарыққа автомобильдер, аккумуляторлар, азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары және көптеген басқасын жеткізеді. Отандық банктермен бірлесіп біз Өзбекстан банктері шығарған аккредитивтерді сақтандыру бойынша жобаларды қарастырамыз, бұл біздің экспорттаушыларға тауар жөнелтілгеннен кейін бірден төлем алуға, ал импорттаушыларға – қазақстандық өнімді сатып алуға қаржыландыруға мүмкіндік береді», - деді Аслан Калигазин.

Сондай-ақ, 2022 жылдың 9 айы ішінде қолдау көлемі 65 млрд теңгеден астамын құрағанын айтты. Жыл соңына дейін қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру, экспорттық кредиттеу, тікелей және саудалық қаржыландыру сияқты өнімдер бойынша шамамен 20 млрд теңге көлемінде экспорттық мәмілелерді іске асыру жоспарлануда.

«Капиталбанк» АҚ KazakhExport серіктестерінің қатарында. Банктің сауданы қаржыландыру басқармасының басшысы Шахзодбек Усмановтың айтуынша, компаниялар сауданы қаржыландыру бойынша 2019 жылдан бастап ынтымақтасып келеді. Мұнда экспорттаушы төлемді жөнелтілгеннен кейін бірден алады, ал импорттаушы төлемнің аккредитив нысаны бойынша Өзбекстан Республикасының банкінде ыңғайлы кейінге қалдырылған төлемді және жеңілдікті қаржыландыру мөлшерлемесін алады.

 

«KazakhExport-пен жұмыс істеу бізге жарғылық капиталға қысым жасамай, клиенттерді қаржыландыру және кредиттеу мүмкіндігін береді. Біздің клиенттер үшін бұл қолайлы мөлшерлемемен кредит алу және Қазақстанның сенімді компанияларымен жұмыс істеу мүмкіндігін береді», - деді Ш. Усманов.

Өзбекстанға экспорттаушылардың бірі – «Жаркент крахмал-сірне зауыты». «KazakhExport» жәрдемдесуімен кәсіпорын Өзбекстанға жүгері крахмалы мен сірне экспортын екі есеге арттырды. Өзбекстанға «Right to Win» ЖШС өнімдерін импорттайды.

«KazakhExport бізге сенімді серіктестерді ұсынады, тауарлардың уақтылы және толық жөнелтілуіне кепілдік береді. Сондай-ақ, банктік кредиттеуге қарағанда тиімді шарттармен қаржыландыруды қамтамасыз етеді», - деді «Right to Win» ЖШС бас директоры Махмуд Юлдашев.

Өз кезегінде «Sunlight Food Trading» ЖШС Қазақстаннан «Баян Сұлу» АҚ және «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС өнімдерін импорттайды. Компанияның негізін қалаушы Джаффар Монжазиб KazakhExport арқасында импорт көлемі айтарлықтай ұлғайғанын баса айтты.

«Ынтымақтастықтың бес жылы ішінде аталған екі компанияның өнімдерін сату көлемі 4 миллион АҚШ долларына жетті», - деді Джаффар Монджазиб.

  • 11.11.2022
  • 358
Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов

Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика