• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Қонаев-Алматы» бағытындағы пойыз бірінші рет жолға шықты

11 қараша облыс тарихындағы айтулы күн болды. Алып шаһар Алматымен араны жалғайтын пойыз таңғы сағат 6:00-де жолға шықты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Өңір халқы үкілеп күткен бұл күні, алғашқы рейс жөнелтілер алдында арнайы салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшылары, қала әкімі Нұрлан Құматаев, мемлекеттік қызметкерлер, ақсақалдар, «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының бас директоры, тұрғындар қатысты.


Қос шаһар арасын жалғайтын пойыз үшін екі бекет іске қосылған. Оның бірі «Қапшағай» стансасы болса, екіншісі – автовокзал маңындағы станса. Осы уақытқа дейін жолаушылар Алматыға көлік арқылы жолға шықса, енді кезекте пойызбен де діттеген жерлеріне жететін болады.

Алматы облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Алмас Батановтың айтуынша, билет құны 400-450 теңге.

Сондай-ақ Алмас Батанов билет құнының қолжетімді болып қалуы үшін мемлекеттен субсидия бөлінуі қажет екенін айтты. Ол үшін 2023 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша арнайы конкурс ойнатылады. Нәтижесінде жолаушыларды тасымалдайтын компания бекітіліп, пойыздың қатынау уақыты мен бағыты қайта қарастырылады және қажетті қаржы бөлінеді.

Айта кетейік, әуелгі уақытта 1 ай көлемінде пойыз Алматы-1 стансасына қатынаса, желтоқсан айынан бастап Алматы-2 бекетіне жүретін болады.

Оның себебі, мегаполистегі Алматы-2 стансасы метроға жақын екендігімен түсіндірілді.

Жалпы, пойыз Қонаевтан таңғы сағат 6:00- де шықса, Алматы қаласынан кешкі 19:00-де кері қайтады. Алдағы уақытта қосымша бағыт ашылып, пойыз таңғы 6-да Алматыдан Қонаев қаласына аттанатын болады.

«Қос қаланың қонақтары мен тұрғындарына жайлылық сыйлау үшін, екі араға барып келу уақытын жиілету мақсатында Қазақстан Теміржолы компаниясымен Алматыдан бері қарай бағыт ашу бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз»,-дейді Алмас Батанов.

Алдағы уақытта жоба одан әрі жетілдіріле түспек. Ол үшін жауаптылар бір жыл бойы жолаушылардың пікірлерімен санаса отырып жұмыс жасайтын болады.

Салтанатты жиында пойыздың қызыл лентасын қала ақсақалдары Амангелді Беспаев пен Амангелді Керімбеков қиды.

Ал облыс әкімінің орынбасары Нұржан Кеңесұлы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ директоры Жәнібек Тайжанов болса ізгі тілектерін айтып, тұрғындарды құттықтады.

  • 14.11.2022
  • 257
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика