- Блогтар
- Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Нұрмұхамбетов Ғ.Т.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Облыстың 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылды. Экономиканың барлық салаларында оң өсім бар.
[✅️] Облыстың экономикалық белсенді халқының саны 296 мың адамды құрайды.
[✅️] 9 айда облыста 22,8 мың адам жұмысқа орналасса, оның 21,1 мыңының зейнетақы жарналары бар.
[✅️] БЖЗҚ мәліметі бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар саны өскен. Өткен жылдың 9 айында 230 мың жарна тіркелсе, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде – 244 мың.
[✅️] Ресми деректерге сәйкес, биылғы жылдың 9 айында салымшылардың шотына 29,5 млрд теңге зейнетақы жарналары түскен. Ал өткен жылы 23,5 млрд.тг түсті. Бір жылда өсім 25,7 %
- 17.11.2022
- 290