• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байханов А.
Облыс әкімі патронаттық отбасылар мен тәлімгерлерді Қамқоршы күнімен құттықтады

Қамқоршылық кеңестердің, патронаттық отбасылардың, тәлімгерлердің, тәрбиешілер мен меценаттардың өкілдерінің кездесуінде қамқорлыққа  алынған балаларды тәрбиелеу мәселелері мен балалар үйлері түлектерінің жетістіктері талқыланды. Әбілқайыр Сқақов оларға өскелең ұрпақтың қалыптасуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Вадим мен Тамара Мороз 2016 жылдан бері қамқоршылар қатарында. Олардың шешіміне отанасының жұмысы әсер етті. Қазір отбасы алты  баланы қамқорлығына алып, тәрбиелеп отырса, олардың үлкендері – Татьяна мен Валентина студент атанып үлгерді.

- Балалар үйінде жұмыс істегендіктен түлектерге тәуелсіз өмір бастауда қолдау қажет екенін білдім. Мен балалардың көбіне көмектескім келді, – дейді Тамара Мороз. – Сондықтан, жұбайым екеуміз бала асырап алуды шештік, осылайша отбасымызда қамқорлыққа алынған балалар пайда болды.

Шамамен бес жыл бұрын дизайнер Ольга Кутенкина тәлімгерлік жолын таңдады. Ол он жеті жасар Милена үшін анасы, досы әрі өзінің сүйікті кәсібі - тігін ісі бойынша ұстазына айналды.

– Біз жылы әрі мейірімді қарым-қатынас орнаттық. Қызыма болашақ өмірде қолдауды сезініп, өзіне сенімді болуы үшін үнемі көмектесемін, - деді тәлімгер.

Мереке қонақтарының қатарында меценаттар, тәрбиешілер және балалар үйінің түлектері болды. «Жаса» одағы» қоғамдық қорының директоры Денис Лукянчук балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Ақтау қаласына саяхаттауға жолдама сыйлады. Шақат ауылындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінің түлегі Айжан Оралованың оқиғасы да өз үлгісімен шабыттандырады. Ол Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртісі және бос уақытында кішкентай балаларға музыкадан сабақ береді.

Облыс әкімі мұндай кездесулер жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Ол ата-анасының жылуына мұқтаж баланы қабылдау оңайлыққа соқпайтынын, әрі зор жауапкершілік екенін атап өтті.

– Бәріңізге шынайы алғысымды айтамын. Жанының жылуы мен жүрегінің мейірін панасыз балаларға бөлетіндердің барлығына ризамын. Сіздердің сүйіспеншіліктеріңіз бен  қамқорлықтарыңыздың арқасында балалар өздерінің өмір жолын табатынына сенімдімін, - деді Әбілқайыр Сқақов. – Балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлыққа алу, қорғаншылық және патронаттық тәрбие арқылы отбасы құндылықтарын дамыту бойынша жұмыс жалғаса береді.

Соңғы үш жыл ішінде өңірде бала асырап алушы ата-аналардың тоғыз мектебі ашылды. 2020 жылдан бері мемлекеттік қордан балалар үйінің 517 түлегі баспана алса, биыл 134 жетім бала пәтер кілттеріне ие болды

  • 19.11.2022
  • 371
Байханов А.
(Мұрағат)

Павлодар облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика