Трұмов С.Ө.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ САПАСЫ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСЫНДА
  • 11.06.2021
  • 259

Жол – экономиканың күретамыры. 2021 жылы Маңғыстауда 245 шақырымды қамтитын облыстық және аудандық маңыздағы 17 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі мәлім етті. Серікбай Трұмовтың айтуынша, оның ішінд ...

Толығырақ

Трұмов С.Ө.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау Қазақстандағы туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді. Ақтауда жағажай туризмі, аудандарда эко-этнотуризм даму үстінде. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі мәлім етті. Серікбай Трұмовтың айтуынша, бұл мақсатта кешенді жоспар жасақталып, саланы жетілдіру бағыттары айқындалған. «Былтыр өңірге 160 мыңнан астам турист келген. Ал биыл Маңғыстауға 200 мыңға жуық адам демалуға келеді деп күтілуде. Былтыр теңіз жағалауында «Rixos Water World Aktau» туристік кешені іске қосылғанын білесіздер. Күні бүгінге дейін бұл қонақ үйге 124 мыңнан астам адам демалуға келген», - деді ол. Ал биыл жыл басынан бері осы туристік кешен 46 мыңға жуық адамды қабылдады. Бұл қонақ үйге 600-ден астам облыс тұрғыны жұмысқа орналасты. Бірнеше жергілікті тауар өндірушілер және қызмет көрсетушілермен келісім-шарт жасалды. Бұл келісім облыстағы шағын және орта кәсіп иелерінің жұмысының жандануына септігін тигізіп отыр. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Үкіметтің қолдауымен қаржы бөлініп, Ақтау қаласының іргесіндегі жылы жағажайды инфрақұрылыммен қамту жобаларын іске асырудың екінші кезеңі жалғасуда.Курорттық аймақты дамытудың 2-кезеңі аясында «Tethys International Touristic Hub Ltd», «BI-Group» және «BAZIS-A» сынды ірі компаниялар жаңа қонақ үйлер, гольф-клуб, отбасылық ойын-сауық саябағының құрылысын жүргізуде. «Биылға жоспарымыз: жоғарыда айтып кеткенімдей, туристер санын 200 мыңға жеткізіп, 5 жобаны іске асыру. Бұл жобаларға 180 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту арқылы 1600-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бүгінде ішкі туризмге елдің қызығушылығын және мемлекеттің қолдауын сезінген жергілікті кәсіпкерлер де «Жылы жағажай» аумағында инвестициялық жобаларын іске асыруда. Бұның барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді»,- деді ол.
  • 11.06.2021
  • 299

Маңғыстау өңірі – инвестиция көздерін тарту бойынша үздік аймақтар қатарында. Жүйелі жұмыстың  нәтижесінде, облысқа тартылған инвестиция көлемі 5 айда 12,9%-ға артып, 216,1 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Орталық коммуникациялар қызметін ...

Толығырақ

Трұмов С.Ө.
Маңғыстау облысының әкімі
С. ТРҰМОВ: «АҚТАУДА ЖАҒАЖАЙ ТУРИЗМІ, АУДАНДАРДА ЭКО-ЭТНОТУРИЗМ ДАМУ ҮСТІНДЕ»
  • 11.06.2021
  • 273

Маңғыстау Қазақстандағы туризмді дамытуға қолайлы аймақтардың үздік ондығына кіреді. Ақтауда жағажай туризмі, аудандарда эко-этнотуризм даму үстінде. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі мәлім етті. Серікбай Трұмовтың айтуынша, бұл мақсатта кешенді жоспар жасақталып, саланы жетіл ...

Толығырақ

Трұмов С.Ө.
Маңғыстау облысының әкімі
С. ТРҰМОВ: «МАҢҒЫСТАУДА ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА 27 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ»
  • 11.06.2021
  • 285

Маңғыстау облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 27 нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОҚК өткен баспасөз конференциясында белгілі болды. Өңір басшысы Серікбай Трұмовтың мәліметінше, ел үшін маңызды егемендіктің 30 жылдығы аясында Маңғыстауда «Ел игілігі үшін!» жобасы ...

Толығырақ

Трұмов С.Ө.
Маңғыстау облысының әкімі
МАҢҒЫСТАУДА МАЛ АЗЫҒЫ ҚОРЫН МОЛАЙТУ МАҚСАТЫНДА 200 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
  • 11.06.2021
  • 254

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірдегі қуаңшылыққа байланысты мал басын сақтап қалу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар жайында баяндады. ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс басшысы мал азығы қорын молайту үш ...

Толығырақ