«Жаңа іріктеу жүйесі, жастарды мемлекеттік қызметке тарту»

Жаңа іріктеу жүйесі, жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелері бойынша сауалдарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысы М. Мусин интернет-конференция барысында жауап беретін болады

  • Сұрақтар: 4
  • Жауаптар: 5
  • 17.10.2024, 10:00
  • 17.10.2024, 17:00

Сұрақ нөмірі: 13141
Статус: қарастырылды
Мырзахмет Жұлдыз 17.10.2024, 16:48

  • 0
  • 0

Жоғары оқу орнын үздік бітірген түлектерге беріліп жатқан мүмкіндік туралы естідім. Сол туралы қайдан білсем болады?

Сұраққа жауаптар

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жастардың мемлекеттік қызметке кіруін оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға Президент Жарлығымен 2022 жылдың 30 желтоқсанында өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Жоғары оқу орындарының түлектері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде белгілеген мәннен төмен емес (GPA 3,33) нәтижесімен ЖОО-да оқуын аяқтаған болса 1 жыл ішінде мемлекеттік органға конкурссыз «Б» корпусының келесі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына жұмысқа орналаса алады. 1) облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; 2) облыс ауданы және облыстық маңызы бар қала атқарушы органының басшылық емес лауазымына; 3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшылық емес лауазымына; 4) орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының облыс ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы аумақтық бөлімшесінің басшылық емес лауазымына орналаса алады.