Қызылорда облысының әкімі Б.Б.Қуандықовтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы Интернет-конференция

Қызылорда облысының әкімі Б.Б.Қуандықовтың қатысуымен Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын өңірлерде іске асыру барысы туралы" тақырыбында Интернет-конференция өтеді

  • Сұрақтар: 23
  • Жауаптар: 0
  • 36539
  • 10.07.2012
  • 12.07.2012

Сауытбаев Асылбек 11.07.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Сәлеметсіздерме! Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы жайлы жақсы білемін. Биылғы жылы осы бағдарлама аясында қала тұрғындары пәтер алу мүмкінділігі қаншалықты рас екен? Осы тұрғыдан жауаптар күтемін.

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Самуратов Бекетай Ерубаевич 11.07.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Қуандықов Болатбек мырзаға! Қорқыт Ата әуежайы жолында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл экологиялық апат аймағы үшін өте маңызды. Осындай жұмыстар қаланың қай жерлерінде жасалмақ?

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Қыпшақбаев Мұрат Әбдрашұлы 11.07.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Болатбек Баянұлы! Қала құрылысы кадастры және ақпараттық жүйе жайында білгім келеді.

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Алиева Орынкуль 10.07.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Мен ауыл тұрғыны ретінде облысымызда мал шаруашылығының, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ мал азығы өндірісі мен шалғайдағы жайылымдықтарды дамыту жөнінде қандай жұмыстар қолға алынғанын білгім келеді.

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)

Аяпбергенова Райхан Султановна 10.07.2012 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Сәлеметсізбе Болатбек Баянұлы! Қала базарларында біржолғы талондар жойылатындығы туралы айтылып жатыр. Осы туралы нақты білгім келеді.

Жауаптар (0) Түсініктемелер (0)