Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлерде халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді: базалық деңгей – мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджеттен төленетін төлемдер арқылы қамтамасыз етіледі. Олар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады және адамның бұрынғы жалақысының деңгейіне байланысты болмайды; міндетті (қосымша) деңгейде – жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бөлінеді. Мәселен, 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді; ерікті деңгей – азаматтардың өмірді сақтандыру компанияларындағы ерікті сақтандыру жарналары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жұмыс істейтін халықта әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мынадай әлеуметтік төлемдерді төлей отырып, міндеттемелердің екінші деңгейде жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді: - еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, - асыраушысынан айырылуы, - жұмысынан айырылуы, - жүктілікке және босануға байланысты табысынан айрылу; -- жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу; - бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы. Жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейінгі кезеңге тағайындалады. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері Қорға соңғы 24 айда түскен әлеуметтік аударымдарға, азаматтың жүйеге қатысу өтіліне және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР Заңында белгіленген табысты алмастыру коэффициентіне байланысты. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылатын болады (табысты ауыстыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін артады). 2022 жылдың 9 айында 79 мыңнан аса адам жұмысынан айырылу жағдайына жалпы сомасы 12,8 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем алды.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 659
  • 14.10.2022, 10:00
  • 14.10.2022, 17:00
  • «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Сериков Данияр 14.10.2022, 11:55 Сұрақ нөмірі: 11355
  • 0

Добрый день, поясните, пожалуйста, на сколько увеличится выплата? Если, условно, у меня зарплата 300 тыс., т я смогу сколько получать пособие по потере работы в течение шести месяцев или до нахождения нового рабочего места? Сумма как-то связана с повышением минимальной зарплатой в 70 тыс. тенге?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Сериков Данияр 14.10.2022, 11:55 Сұрақ нөмірі: 11354
  • 0

Добрый день, поясните, пожалуйста, на сколько увеличится выплата? Если, условно, у меня зарплата 300 тыс., т я смогу сколько получать пособие по потере работы в течение шести месяцев или до нахождения нового рабочего места? Сумма как-то связана с повышением минимальной зарплатой в 70 тыс. тенге?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)