Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдауға әлеуметтік төлем тағайындау

Қазақстанда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін базалық, міндетті және ерікті деңгейлердегі халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді: базалық деңгей – бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар арқылы қамтамасыз етіледі. Олар әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады және адамның бұрынғы жалақысының деңгейіне байланысты болмайды; міндетті (қосымша) деңгейде – жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмыскер арасында бөлінеді. Мәселен, 2005 жылдан бастап жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейін білдіретін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – жүйе) енгізілді; ерікті деңгей өмірді сақтандыру компаниясындағы азаматтардың ерікті сақтандыру жарналары есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) жұмыс істейтін халықты әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда мынадай әлеуметтік төлемдерді төлей отырып, міндеттемелерді қосымша деңгейде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді: - еңбекке қабілеттіліктен айырылу; - асыраушысынан айырылу; - жұмысынан айырылу; - жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу; - жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу; - бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу. Әлеуметтік төлемнің мөлшері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін Қорға төленген әлеуметтік аударымдардың уақтылылығы мен толықтығына байланысты болады. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін төлем ұзақтығы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бір жылдан бір жарым жылға дейін ұлғайтылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 250 мыңнан аса адам жүктілігі және босануы бойынша жалпы сомасы 197,9 млрд.теңгеге және 640 мыңнан аса адам жалпы сомасы 171,9 млрд. теңгеге бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алды.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 371
  • 17.02.2023, 10:00
  • 17.02.2023, 17:00
  • «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ

Тулебек Динара 17.02.2023, 10:35 Сұрақ нөмірі: 11632
  • 0

Соңғы өзгерістерге байланысты қызметкердің жазбаша келісімі бойынша жазаны мерзімінен бұрын алып тастауды тәртіптік комиссиямен келісу қажет пе?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)