Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығымен бекітілді. Тұжырымдама мемлекеттік секторды трансформациялаудың мағыналық бағытын көрсетеді және мемлекеттік басқаруды жаңғыртудың негізгі қағидаттарын, міндеттері мен тәсілдерін айқындайды. Сонымен қатар Тұжырымдама азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсартуды, стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті форматына көшуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды, реттеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруді, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерін трансформациялауды көздейді. Сонымен бірге Тұжырымдама міндеттерді мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі қағидаттарының призмасы арқылы айқындайды.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 113
  • 30.10.2023, 17:00

Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар жинау

Интернет-конференция Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне IT-компаниялардан, ҮЕҰ-дан, БАҚ-тан, мемлекеттік органдар мен азаматтардан ұсыныстар жинау мақсатында өткізіледі

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 82
  • 24.08.2023, 18:00

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шаралары: сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) іске асырылуда, оның шеңберінде кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық шаралары ұсынылады. Ұлттық жоба шеңберінде екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдендіру жолымен кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен қаржыландыру көзделген.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 65
  • 23.08.2023, 17:00

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік бағдарламалар құралдарын, оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» құралдарын шоғырландыру жолымен әзірленген.

  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 72
  • 14.08.2023, 17:00
  • Сұрақтар: 0
  • Жауаптар: 0
  • 69
  • 13.07.2023, 18:00