- Блогтар
- Донбаев Қ.М.
Донбаев Қ.М.
ҚР ЭМ «Геофизикалық зерттеулер институтының»Бас директоры
Сәлеметсіздер ме құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Геофизикалық зертеулер институты» РМК ( бұдан әрі- Институт) Қазақстан Республикасының Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты бойынша ғылыми- техникалық міндеттемелерінің орындалуын және ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау туралы басқа да негізгі Халықаралық келсім шарт пен Келісімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы да айтылған халықаралық шарттар мен келсімдер аясында Қазақстан жер қыртысының (атмосфераның) жер сілкіністеріне, жарылыстарға және т.б. байланысты кез-келген ауытқуы туралы белгілерін үнемі тіркеуге және өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи технологиялармен, бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған сейсмикалық, инфрадыбыстық және магниттік станциялардың желісінен тұратын ядролық сынақтарды бақылаудың заманауи жүйесі құрылған.
Институт еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ядролық қаруды таратпау мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады.